Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сейсенбі, 27 сәуірдің 2021 13:21

Бүгінгі студент-ертеңгі маман

Rate this item
(5 votes)

Балабақша – бала болашағының қайнар көзі, тәрбиеші – сол бұлақ бастауының жүрегі. Балабақша- бұл баланың өмір сүретін бір әлемі, сонымен бірге тәлім-тәрбие беріп, қызығушылығын арттыратын білім ошағы.  А.Байтұрсынов бір сөзінде

«Баланың ойыны қайсы, жұмысы қайсы? Баланың ойыны да ойын, жұмысы да ойын» деген екен. Яғни, бала ойын ойнап жүріп өседі.Сол сияқты біздің студенттеріміз әр баланы ойната отырып,оқытып, тәрбиелеуге тырысты.
Біздің де мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бөлімінің Т-41 топ  студенттері (барлығы 24 студент) оның 7 онлайн қалғандары қаламыздағы : №4 ,№5, №11, №61, № 16, №44 және жеке меншік бала бақшаларынан іс- тәжірибені 15. 03. – 24.04. 21 ж. аралығында өтті.Барлық мектепке дейінгі мекемелерде өткен студенттер өз бөбекжай балабақшаларынан «өте жақсы» және «жақсы» деген мінездемемен оралды.         Әрбір студент өзіне берілген жоспар бойынша күнделікті І және ІІ күн жартсындағы режимдік процестермен ұйымдастырылған іс- әрекеттерді жүргізді, яғни тәрбиешінің ролінде болды.Дипломалды іс- тәжірибе бұл студенттеріміздің өз мамандықтарының қаншалықты игергенін көрсететін нәтиже әрекеті.Олар жоспар бойынша бес «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Әлеумет» және «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша әр күні сабақтар беріп отырды.Сабақтарын өткізгенде тәрбиешілер электронды құралдарды қолданып, топ бөлмесіндегі басқада атрибуттарды қолдануға мүмкіндік берді. Сонымен бірге әр іс әрекеттер арасында көптеген аз қимылды,сөздік, саусақ және жаттығу ойындарын да қолданды.Көктем мезіліне сай «Құстарды тап», «Немен қоректенеді», «Суретті құрастыр», «Көктем ерекшеліктері» дееген  ойындарын үлестірмелі материалдармен де электронды түрдеде ойнатты.Тәжірибе іс барысында тәрбиешілеріне электронды ойындар мен топты безендіріп, ата- аналар бұрышын дұрыстауға да өз үлестерін қосты. Тәжірибе барысында студенттердің  балалармен және тәрбиешісімен жақсы қарым- қатынаста екенін көріп риза болып, мақтаныш сезімі бойды кернейді.Міне осы сәттен-ақ Қостанай педагогикалық колледжімен балабақша арасындағы әлеуметтік серіктестікті байқауға болады.Балабақша әкімшіліктері студенттерімізге жақсы жағдай жасады.Студенттерімізде балабақшаға күнде жақсы көңіл күймен барып, өз міндеттерін жақсы атқарып жүрді.

Әдіскер : Рахпанова Б.Г

Read 1649 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео