ағылшын тілі сабағын балаларға қаншалықты қызықты әрі сапалы өткізудің қыр-сырларын үйретті. Күн сайынғы берілген тапсырмаларды топ студенттері бұлжытпай орындап, уақытылы қатысып, белсенділік танытуға тырыстық.
Сонымен, біздер келесідей жұмыстар атқарғанымызды айтқымыз келеді. Олар: тақырыптар бойынша қысқа видеосабақтар жасау, күнделікті балабақшадағы режимдік процесстерді ағылшын тілінде айта білу, оларды дұрыс дыбыстап әдіскерге уақытыл жіберу, балаларға қызықты болатындай түрлі телебағдарлама, радиобағдарлама, тікелей эфир ойындарын жасадық. Ең бастысы, біздер үшін ерекше болғаны - ертегілерді дыбыстау. «Шалқан» мен «Мақта қыз» ертегілерін аудиодыбыстау жасап, оларды видеотаспаға жаздық. Жұмыстарымызды әдіскеріміз – Гүлден Мейрамбекқызының YouYube парақшасынан көре аласыздар. https://www.youtube.com/playlist?list=PLBptTcTRd2dCYlYF3pWaFeoBrEa6jt6R5
Қазіргі пандемия жағдайына байланысты практика уақытында балалабақшаларға барып, қалыпты жағдайда балалармен тікелей сабақ өткізе алмасақ та өзімізді балалар алдына толықтай дайын болып баруға дайындап жатқан колледж ұстаздарына алғысымызды білдіреміз.
Т-31 тобының студенттері