Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сейсенбі, 18 мамырдың 2021 16:10

Мандықты игерудің басты шаралары

Rate this item
(7 votes)

Кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру-кәсіби білім беру ұйымдарының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Орта кәсіптік білім беру саласында мамандарды даярлау жүйесін неғұрлым тиімді өзектендіру және оңтайландыру және мамандарды даярлау

нәтижелеріне тәуелсіз бағалауды қалай ұйымдастыру және жүргізу туралы сұрақтар туындайды. Бұл сұрақтарға қазіргі уақытта болашақ кәсіби кадрларды даярлау бойынша жүйелі жұмысқа әсер ететін Worldskills қозғалысы жауап бере алады. 2021 жылдың 17-19 мамыр аралығында Қостанай педагогикалық колледжінің базасында "Мектепке дейінгі бөлімде" Worldskills аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының конкурсы ұйымдастырылды. Оған 6 қатысушы қатысты. Қостанай педагогикалық колледжінің намысын "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" мамандығының 3 курс студенті Әбдіғали Ралина Өмірзаққызы қорғады.
Колледж түлектерінің алған білімдерінің басты міндеті өз мамандықтарын игергендерін көрсету.
Бүгін екінші күн «Worldskills» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының конкурсы жалғасуда. Конкурсанттардың көңіл – күйлері жақсы. Берілген уақытпен  Worldskills аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының конкурсының төрайымы Молдабаева А.У. өз жұмысын бастады. Бүгінгі  орындайтын тапсырмалар – қимылды ойынның конспектісін құрастырып, құрал – жабдықтар дайындап, алған ойындарын  ағылшын тілінде түсіндіріп, сөйлеп,ойнату, ата- аналар жиналысының конспектісін жазу және жоба құрастыру, презентация дайындау. Әр конкурсант өздеріне берілген тапсырмаларды орындауға тырысты. Қимылды ойынға атрибуттар дайындап, кезекпен өз ойындарын көрсетті. Алған  «Көлеңке», «Көңілді доптар», «Әткеншек», «Аңшылар мен аңдар», «Күн, ауа, су», «Қасқыр мен қояндар» атты ойындары балалардың жас ерекшеліктеріне сай болды. Ойын барысында эмоциялары мен дауыс темпрлерін жақсы қолданды.Қолданған ойындары балалардың  ойынға деген құштарлықтарын дамыту, дене қимылдарын, бұлшық еттерін жетілдіру немесе  көңіл-күйлерін көтеруге арналса, кей ойындар
ептілікке, шапшаңдыққа және белсенділіктерін арттыруға көзделген. Жалпы негізгі мақсаттары  балаларды ұжымда ойнай алуға тәрбиелеу болды.
Екінші тапсырма бойынша конкурсанттар жоба құрастырып және ата- аналар жиналысына әзірлеме жазу .Талап бойынша конкурсанттар өз міндеттерін жақсы орындауға ат салысты. Алған  «Менің туған қалам», «Сүт және сүт өнімдері», «Менің туған өлкем», «Әр кітаптың өз құпиясы бар – қажет емес кітаптар жоқ», «Қызықты математика», «Ұлттық нақыштағы - домбыра» атты тақырыптарымен жұмыс жасады. Жобаға сәйкес презентациялар, макеттер, тағы басқада құралдар жасап, әрқайсысы жұмыстарын жақсы қорғады.
Жоба  бойынша конкурсанттар бір өзекті тақырып алып, өз бетінше ізденіп жұмыс  жасады. Біз жобаларының мақсаты мен міндеттерін тыңдай отырып,шығармашылық өрісін және тәжірибелік  қабілеттілігін жүйелі, теориялық, тәжірибелік  ақпараттарды терең игеру  деңгейлерінің жақсы екенін байқадық. Ата –аналар жиналысы бойынша әр конкурстан  практикада  өткендерімен кіріктіріп әзірлеме жасаған. Өздерінің теория мен практикадан алған білімдерін жақсы көрсете алды. Болашақта жақсы маман болатынына сенімдіміз.

Оқытушы: Рахпанова Б.Г.

Read 1416 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео