ұйымдарындағы педагогтарына арналған «Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие процесін моделдеу: ойын арқылы оқыту» тақырыбы бойынша тамыз кеңесінің секциялары болып өтті. « Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының» мектепке дейінгі тәрбиені дамыту бөлімінің басшысы Кубеева К.С. жүргізді.
Бұл секцияға менімен бірге «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының директоры: Адамова М.Е. қатысты. Манара Елекеновна жалпы мектепке дейінгі ұйымдардың биылғы жұмыс жоспары мен өзгерістері туралы айтып, жаңа оқу жоспарының жұмыс жасау бағыттарына тоқталып өтті.Сонымен бірге «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының аға эксперті Мукашева Г.О. ,«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының бөлім басшысы Ерманова М.Н. Лисаков қаласының «Улыбка» балабақшасының тәрбиешісі: Шевчук Ю.В.,Арқалық қаласының «Золотой ключик» бөбекжай- балабақшасының әдіскері Турсынбекова Г.И. Рудный қаласының № 12 бөбекжай- балабақшасының әдіскері Костенко О.В.қатысты және барлық мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері өздерінің балабақшаларындағы жұмыстарымен тәжірибе бөлісті.Жаңа замануй талабына сай ойын түрлерін қолдануәдістері мен тәсілдерін бейнематериалдар арқылы түсіндірді.Бұл мамандардың өз сабақтарында қол жетімді екенін дәлелдеп те көрсетті.Жәнете интернет желісі арқылы алып, қолдануға болатынын айтты.Көп ұзамай осы ойындар арқылы шебер класстар өткізетіні жөнінде Қ.Сапабековна айтып кетті. Менде өзімнің тақырыбым: «Жекеленген пәндер әдістемесі сабағында ойын – тәсілдерін қолдану, мектепке дейінгі ұйымдардың болашақ мамандарын даярлаудағы кәсіби біліктілік дамуының баспалдағы іспеттес» тақырыбым арқылы өз тәжірибеммен бөлістім.Тамыз секцияның мазмұны болашақ тәрбиешілер мен жас мамандар үшін үлкен сабақ деуге болады.
Әр педагог өз мекемелеріндегі балалармен жұмыс жасау кезіндегі ойынның түрлерімен тәсілдерін көрсетті, өз ойларымен, ұсыныстарымен бөлісті.Менде өзімнің әдістемелік пәндерімде қолданатын ойын түрлерімен таныстырдым.Мен әдістемелік пәндерімде көбінесе артикуляциялық,буын тізбек жаттығу ойындары мен жаңылтпаштар қолданамын. Сөздік ойындарында «Өз орныңды тап», «Қандай дыбыс», «Не артық» жиі сабақтарымда ойнаймыз.Ойынның өзіндік ерекшеліктері бар.Ойынның балаларға дұрыс жеткізу ол тәрбиешінің шеберлігіне байланысты.Әр ойынның өз сыры,талабы, әрекеті және танымдық қасиеттері анықталады.Әр маман балалардың ойынға қатысуын қадағалап, не сабепті ойнағысы келмейтінін шешу, солай қалдыра салуға болмайды.Баланың күнделікті бала бақшада түрлі ойын ойнағаны дұрыс, әр ойынның өзінің бір тәрбиелік мәні бар.
Антон Семенович Макаренко «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу – бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады –деген екен.
Ойынның түрлері өте көп, бірақ мен өзім көбінесе дидактикалық және театрландырылған (драматизациялық) ойындарды қолданамын.
Драматизациялық ойындарды ойнағанда балалар кейіпкерлердің рольдеріне өздері енеді,ұстайды, сөйлеседі,тілдері дамиды. Бұл ең қиын көрсетілімге жатады.Мысалы, белгілі бір кейіпкердің маскасын, қалпақ, алжапқыш-жұмыс киімдерін тағы басқаларын бала өзі киеді. Кейіпкердің бейнесін мимика, интонациясы, қимылдары арқылы өзі көрсетеді.Қазіргі таңда біз 1 курс студенттерімен «Ақымақ қасқыр» ертегісін театр қуыршақтарымен студенттер алдында қойылым көрсетіп,жақсы ойнады.Осылай ойнай отырып, қарым-қатынас жасай отырып,қалай ашылғандарын өздері де білмей қалады.
Көбінесе қазақ балалар тұйық болып келеді,сабақ сұрамасаң отыра беретін қыздар көп.Міне,драматизациялық ойын әр оқушының ойын қысылмай айтуға жеткізуге,көңіл –күйін бере білуге үйретеді.Осындай тамыз кеңесі конференциялардың арқасында әр педагогтардың өз тәжірибелерімен бөлісу арқылы, көп нәрсе білісіп,үйренудің бірде –бір жолы емес пе.
Оқытушы : Рахпанова Б.Г.