Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Сәрсенбі, 29 қыркүйек 2021 18:00

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Rate this item
(6 votes)

«Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз»

                                                                                           Бауыржан Момышұлы

 Ұстаз!  Осы сөзді айтқанда, естігенде жүрегіңе жылулық сезімі ұялайды. Ия, ұстаз- мақтан тұтар мамандық. Өмірдегі көп мамандықтардың ішіндегі жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, мейірімділікті қажет ететін де осы ұстаздық мамандығы. Әрбір шәкірттің жүрегіне жол таба білу әрбір ұстаздың міндеті.Сол себепті де кафедра жұмыстары да білім сапасын және шәкірттермен жұмыс жасау кезеңдерін дұрыс жолға қоюға бағытталған.

29 қыркүйек күні мектепке дейінгі тәрбие кафедрасында кафедра отырысы болды. Кафедра отырысында ағымдағы сұрақтар қарастырылды:

1) «Қазақстанның инновациялық білім беру жағдайында « мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығына оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын енгізу» баяндама;

2) 2021-2022 оқу жылына ашық сабақтар, практиканың ашық күндерін өткізу кестесін бекіту;

3) Кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарын бекіту;

4) Аралық аттестаттау материалдарын қарау (қысқы сессия).

Сонымен қатар әдістемелік кеңесте ұсынылған мәселелер қарастырылды. Кафедра оқытушылармен кафедра күнін өткізу сұрақтарын бірлесе отырып қарастырылды. Ұстаз-жоғары, беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Сондықтан әрбір шәкірт, өзіне үлгі- өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. «Ұстаздық - ұлы құрмет» - барлық колледж оқытушыларын алда келе жатқан мұғалімдер күнімен құттықтаймыз. Еңбектеріңіздің жемісін көруге тілектеспіз.

Абжанова А.К., Қостанай педагогикалық колледжінің оқытушысы

Read 1190 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео