фотоколлаж көрмесі өтуде.
«Өткенді сақтай отырып болашақты құру» атты көрменің мақсаты - білім алушылардың назарын елдің тарихы мен мәдениетіне аударып, мәдени мұраны сақтау мен пайдалану мәселесінің маңыздылығын ашып, туған жерге құрметпен қарауға тәрбиелеу. Өз еліне деген сүйіспеншілікті фотосурет тілінде білдіру.
Жас ұрпақ Тәуелсіздіктің 30-жыл бойы қол жеткізілген жетістіктері мен маңызды кезеңдерін қайта қарап нәтижесі фотоколлаж жұмыстарында көрініс тапты және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жолында «студент қауымы санасын жаңғырту» процесінде маңызды болды.
Қатысушылар өз жұмыстарын келесі бағыттар бойынша ұсынды.
Т-11 тобы «Медицина» тақырыбында денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістер жүзеге асып жатқандығын көрсете білді.
Қазақстанның намысын қорғаған спортшылардың жетістіктері мен жеңістері әлемдік спорттың дамуына үлес болып қосылғандар туралы фотоколлаж спорт сүйер студент қауымын қызықтырарлықтай. Одан бөлек, елде қаншама спорт ғимараты бой көтеріп, ұлттық спорт түрлері қайта жанданғаны туралы, Қазақстан 30 жылдық тарихында «спорттық мәрені» қалай кесіп өткенін білгілеріңіз келсе назарларыңыз В-11, А-13 , РКХ/МУЗ-11 топтарының фотосуреттерінде болғай.
Мәдениет, экономика және өнер саласы тақырыбы аясында РКХ-11, ДПМ/МУЗ-11,У-11Б, М-11 топтарының фотоколлаж суреттерінде Қостанай өңірінің тумалары, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының өнер және мәдениет саласында қызмет етіп жүрген тұлғалардың суретін көресіздер.
Ак-11, Ар-11 топтарының шығармаларынан «ЭКСПО, Азияттық ойындар» мен «Қазақстан халқының ассамблеясы» тақырыбындағы суреттерінде халқымыздың жетістіктерін байқайсыздар.
Еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бұл іс-шара студенттерді Отан сүйгіштікке, халқына адал қызмет етуге, елін құрметтеуге тәрбиелейді.
Өткізіліп отырған көрме балалардың ойына ой қосып, бойына күш жігер дарытып, сонымен қатар өз елінің тарихымен таныстырып, Отанын, елін сүюге бағытталған.
Барлық студенттер мен ұстаздар қауымын көрмені тамашалап бір біріңізбен өз әсерлеріңізбен бөлісуге шақырамыз.
Еліміздің келешегі, Қазақстанның болашағы өз қолымызда. Жаңғыру кезеңде қазақ елі мәңгі жарқырай берсін! Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, болашағы жарқын болсын!
ЖҒП кафедрасының оқытушысы А.А. Брахметова.