Ы.Алтынсаринің 180 жылдық мерей тойына аясында «Кел балалар оқылық..» өлең жолдарын қолданып, оқытушы сабақты көтерінкі көңіл күймен бастады. Сабақ барысында жекелік , топтық , ұжымдық тапсырмалар орындалды. Әр тапсырма дескриптор арқылы түсінділіп отырды. Әр тапсырма қызықты, орындау барысы түсінікті болды. Ақпараттық технология қолдану барысында QR код арқылы мәліметтерді іздеу және оны қолдану қызықты болды. Топтық жұмысты орындау барысында берілген тапсырманы орындау барысында үлкен жауапкершілік танытып, ұйымшылдығымызды көрсеттік. Сабақ мазмұнды, мағналы әрі қызықты өтті. Тобымыз әлі талай ашық сабақтар, іс-шараларға қатысады деп сенемін.
1 курс, М-11 тобының студенті
Сабырбек Гульнафис
Оқытушы: А.Е. Ералина