жылғы 6 қазанда У-14 тобы "сыбайлас жемқорлықтың қазіргі замандағы орны" тақырыбында интерактивті сабаққа қатысты, оған Қостанай облысы Білім Басқармасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.Әңгіме барысында бізді сыбайлас жемқорлықтың зиянды әсерімен, оның салдарымен таныстырды. Сыбайлас жемқорлық - бұл қызмет бабын теріс пайдалану, пара беру және алу, өкілеттігін теріс пайдалану, коммерциялық параға сатып алу не ақша, құндылықтар түрінде пайда алу мақсатында жеке тұлғаның өзінің лауазымдық жағдайын қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделеріне қайшы өзге де заңсыз пайдалану деп түсіндірілді."Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубтарының және "Саналы ұрпақ" студенттік клубтарының өкілдері білім беру ұйымында салауатты әлеуметтік орта құру бойынша кеңестерімен бөлісті, оның қалыптасуы нәтижесінде пара алу, бопсалау, қысым жасау, плагиат, көшіру сияқты құбылыстарға жол бермеу атмосферасы пайда болады.Әрқайсымыз өзімізге сұрақ қоюымыз керек: "Мен не істей аламын?»
Біз оны жойғанға дейін сыбайлас жемқорлық жойылмайды. Біз кез келген өмірлік жағдайда дұрыс әрекет етуді ұсынамыз: жеке парасаттылық негізінде қалаған нәтижеге қол жеткізу, сыбайлас жемқорлық жағдайларын жария ету, бүкіл әлемде өткізілетін көптеген компанияларға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі акцияларға қатысу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралармен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістерімен танысу.Егер бұл мәселе сізге қатысты емес деп ойласаңыз, онда олай емес. Сыбайлас жемқорлық барлығына қатысты. Өз-өздеріңізден жауапкершілік қасиетін жоғалтпаныздар. Бізге сеніңіз, қоғамның деградациясына қарсы күрестің сәттілігі әрқайсымызға байланысты.
У-14 тобынын студентері
Юлия Лешкович,
Анастасия Захарова