Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Жұма, 29 қазан 2021 10:20

Өзін-өзі тану – өмірді тану

Ұстаз- оқушының шамшырағын жағар тұлға болып табылады. Сондықтан да оқушыларға сапалы білім ғана емес, рухани, ізгі тәрбие беруіміз қажет.
Ш.А. Амонашвили

Биология - табиғат пен қоғамдық құбылыстарды зерттейтін ғылым ретінде жаратылыстану, гуманитарлық бағыттар мен негізгі пәндердің мәліметтеріне сүйенеді, ал «Өзін-өзі тану» пәні жүрекке арналған білім болып табылады, ол қазіргі білім беруді ішкі, рухани –адамгершілік мағынамен толықтыруға арналған.  Осы екі пәнді интеграциялау сабақты жаңаша мазмұнда меңгеруге елеулі үлесін қосары сөзсіз.
Адам мен өсімдіктердің табиғи әлеммен бірлігін түсіндіру мақсатында қазанның 27-і күні «Хлоропластың құрылысы мен қызметі» тақырыбында «Халықтық көркемөнер шығармашылығы» мамандығының РХК/МУЗ -11тобында ашық сабақ өткізілді.
Мақсатқа жету үшін интеграцияланған сабақта өзін-өзі сабағының әдістемелік тәсілдері 5 Т ережесі, «Орманға ойша серуен», дәйексөз, шығармашылық жұмыс, топпен ән айту сияқты әдістері қолданылып, студенттерге ізгі мақсаттарға адал еңбекпен тек сүйіспеншілік арқылы жетуге, мейірімділік, әдептілік, басқалардан жақсы қасиеттерін көріп  білімді игеруге, надандық, еріншектік пен зұлымдықтан сақ болуға көңіл бөлінді. Сабақ барысында студенттер осы құндылықтарды бойларына сіңіре білді .
 Қатысушылар білімін жандандыру үшін quizziz платформасы көмегімен тест тапсырмасын орындады және learningapps платформасындағы интерактивті тапсырмаларды  орындау  арқылы жаңа білімдерін бекітті.
Студенттер сабақ барысында жоғары белсенділік танытты. Сұрақ-жауапқа жауап берді, танымдылық белсенділіктерін көрсетіп, өтілген тақырыпты жоғары деңгейде меңгергендіктерін көрсетті.
Сабақтан алған білімдері студенттерде рухани –адамгершілік сезімін оятып  бойында жағымды ойлау білігін, өзінің ойларына, сөздері мен әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау, эмоцияларын қадағалау, қарым –қатынас дағдылары мен риясыз қызмет ету керектігін дамытқанына сенемін.

ЖҒП кафедрасының биология пәнінің оқытушысы А. А. Брахметова.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео