Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Дүйсенбі, 01 қараша 2021 13:05

Ыбырай шығармалары – тәрбиенің алтын діңгегі

Rate this item
(4 votes)

   Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин шығармалары қазақ балалары үшін үлкен мағынаға ие. Ыбырай жас жеткіншектерге  ой салатын, тәрбиелік мағынасы мол, түрлі қызықты әңгімелерді көптеп жазуға тырысып бақты. Ыбырайдың шығармаларын

оқи отырып, ол өз заманының беталысын анық аңғарғанын,  халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге болады. Ыбырай әңгімелерінің негізгі қайнары халық тұрмысынан алынған. Өмірді, адам әрекеттерін ешқашан дағдыдан тыс әсірелеп суреттеп, шындықтан алшақтамаған. Кейіпкерлерді шынайы өмірге тән әрекеттері арқылы бейнелеуді мақсат тұтты. Тәрбие мәселесі бүгінгі өмірде де өз маңызын жойған жоқ, тіпті күн тәртібіндегі өзекті мәселе екенін де білеміз. Ана мейіріне қанып, әке өсиетін тыңдап өскен бала ғана түбінде жылы жүректі азамат болары сөзсіз, олай болса, Ыбырай әңгімелерінде  жасынан отбасы тәрбиесін көрген бала үлкен азамат болғанда, өмір сүруге бейім болатынына сенімдімін.
   28 қазан күні оқытушы Жармухамбетова А.А. ұйымдастыруымен «Ы.Алтынсарин шығармалары – тәрбиенің алтын діңгегі» тақырыбында Ы.Алтынсариннің әңгімелерін сахналау бейнеролигі КПК life You Tybe  каналында жарияланды. Бұл іс-шараның мақсаты оқушылардың еңбекке деген қызығушылықтарын ояту, Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу. Студенттер Ыбырай әңгімелерін түсініп оқып, шығармашылық шеберліктерін шыңдап, тәрбиеге толы әңгімелерін сахналай білді. 1 орынды Т-11тобы, 2 орынды У-11б, РХК/Муз-11 тобы, 3 орынды Ар-11 тобы мен М-11 топтары бөлісті.
https://www.youtube.com/watch?v=83n_7e2rZMY сілтемесі арқылы бейнебаянды қарай аласыз.

Филология кафедрасының оқытушысы
Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна

Read 1772 times

Media

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео