«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінде 4 жылдай театр қуыршақтары үйірмесін жүргізіп келемін. Үйірмеге әр топтан барлығы 20 студент келіп жүр.Әрине жаңа келген студенттермен бірден ертегіні сомдау оңай емес.Соған қарамастан алдыма келген әр студентпен жеке жұмыс жасауға тура келеді.Ортаға шығуға ұялатын студенттер өте көп.Ең бірінші театр ,сахна және ойналатын қуыршақтар туралы мәлімет берем.
Театр-бұл халықтың эстетикасы адамгершілік пен жақсы тәрбие үшін ең маңызды құрал. Оның ерекшелігі, яғни іс-әрекеттің сипаты драмалық көрініс арқылы ашылады, ол мазмұнның негізі, сахналық көріністің идеологиялық және эстетикалық негізі болып табылады. Театр әдеби шығарманы театрлық әрекетпен, ерекше театрлық өрнекпен өзгертеді және драма кейіпкерлерін жандандырады, олардың қарым-қатынасы мен қақтығыстарынан туындаған даулар мен әрекеттерді жандандырады. Осыған байланысты бізде үйірмеге қатысу арқылы әртістік қабілетімізді дамытуға қалыптастыруға тырысып жатырмыз.Осы екі ай ішінде «Мақта қыз бен мысық» ертегсін сахналап ойнап отырмыз. Біз бүгін Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерей тойына байланысты, Ыбрай атамыздың балаларға арналған «Мақта қыз бен мысық» ертегісін бейнематериалға түсіріп, сіздерге ұсынып отырмыз.
09.11.2021 жыл
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің педагогы: Рахпанова Б.Г.