мерей-тойына арналған «Ыбрай Алтынсариннің мұралары – мәңгілік байлық» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара мақсаты – Ы.Алтынсариннің өзекті педагогикалық идеялары жөнінде пікірлермен және оларды кәсіби әрекетте қолдану тәжірибесімен ой бөлісу. Қатысушылар арасында Ыбрайтанушылардан басқа, колледж студенттері мен кәсіптік және техникалық білім беру оқытушылары, мектеп мұғалімдері де болды.
Дөңгелек үстелдің алғашқы баяндаушысы - Сералы Мырзабай Раманұлы, Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының магистрі болды. Спикер Ыбрай атамыздың «Қазақ (қырғыз) хрестоматиясы» оқулығына енген әдеби материалдарға тақырыптық тұрғыдан талдау жасап, оқулықтағы халық ауыз әдебиеті үлгілерінің мән-маңызын анықтады. Сонымен қоса, ағартушы шығармалары арқылы өскелең ұрпақтың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың маңыздылығы бойынша да сөз қозғалды. Келесі сөз тізгінін Данилова Елизавета, Қостанай педагогикалық колледжінің «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығының 3 курс студенті алды. Баяндау барысында Елизавета Ы.Алтынсарин мұраларының бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалпағанын және болашақ мамандар үшін Ыбрай үлгі тұтарлық ұстаз екені жөнінде әңгіледі. Кашпур Юлия Васильевна,"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 4 орта мектебі" ҚММ бастауыш сынып мұғалімі, Ыбрай шығармаларын педагогикалық іс-әрекетте қолдану ерекшеліктері бойынша тәжірибесімен бөлісті. Яғни, бастауыш мектеп балаларына жақсы мен жаманның, шындық мен ақиқаттың, ақ пен қараның ара қатынасын түсіндіруде «Жаман жолдас», «Асан мен Үсен» секілді әңгімелерді қолдана отырып оңай, әрі тиімді жеткізуге болатынын дәлелдеп берді.
Дөңгелек үстел аясында іс-шара қонақтары мен колледж студенттері баяндаушыларға сұрақ қоюға мүмкіндік беру үшін «Ашық микрофон» ұйымдастырылып, кәсіби диалог құрылды, тәжірибелер мен пікірмен алмасу жүргізілді.
Ыбрай Алтынсариннің ұлағаты шығармалары Егеменді еліміздің, тағдырдың талай талқысын өткізген халқымыздың бұдан былайғы өмірінде де көркейе түсетін, өркен жаятын, биіктей беретін мерейлі мұра болып қалатынына кәміл сенеміз.
Кокенова Д.К., Алимбаева Г.Б.,
Педагогика және психология кафедрасының оқытушылары