желтоқсан күні шетел тілі мамандығының түлектеріне арналған онлайн тұрғыда кездесу өтті. Кездесудің ұйымдастырушылары шетел тілдер кафедрасының көрнекті мұғалімдері: Шагатаева Зауреш Жарасбаевна және Жутова Елена Михайловна. Қостанай педагогикалық колледжі 1997 жылдан бастап шетел тілі мұғалімдерін дайындап жатыр, ал 2021 жылдан бастап біздің колледжімізде жаңа мамандық пайда болды, оның негізгі оқыту аясы ол педагогика, методика мен орта бөлімге бағытталған шетел тілі.Өткізілген кездесудің негізгі мақсаттарының бірі – колледж түлектерінің болашақ өмірі жайында нұсқау мен кеңес беру. Осындай мақсатты көздей отырып, біз шетел тілі мамандығында оқып, Қостанай педагогикалық колледжін үздік бітірген түлектерімен таныс болдық. Солардың қатарында 2016 жылғы түлек Жанырбаева Орунгуль. Қазіргі таңда Орунгуль мемлекеттен қолдау алып, өзінің репетиторлық студиясының иесі болып саналады. Колледж қабырғаларында білім алған кезде, Орунгуль білім алуға ұмтылып, өзінің армандаған мақсатқа жетуге алғашқы қадамдарын жасаған еді. Орунгульдің сөздерінен, оған осындай жетісіктіктерге жетуге көмектескен біздің колледжіміздің көрнекті мұғалімдері. Аяулы ұстаздарымыз әрқашан да, әрбір студентке қолдау беріп, тек қана алға ұмтылуға кеңестерін қазір де беріп жатыр. 2017 жылғы түлегіміз Өмірбек Салима, колледж қабырғаларында белсенді студенттерінің бірі болып, қазіргі таңда да, осындай көңілді күйімен «Ақсудағы Жаяу Мұса атындағы жоғары колледжінің» ұжымында, педагог қызметін атқарып жатыр. Оның айтуында біз өзіміздің бойымызға: «Адамгершілік, мейірімділік пен еңбекқорлық – өмірдің негіздері» атты сөздерін есімізге түртіп алдық. Осындай үздік түлектерінің қатарына 2008 жылғы түлегімізді Анара Бигалиеваны да қосуға болады. Анараның өмірі қазіргі таңда, әртүрлілікке және жаңа ашуларға толы. Ол Америка Құрама Штаттарында жұмыс жасап жатыр, одан бұрын Анара өз еңбек жолын Алматы қаласынан бастап,ондаған мемлекеттерге саяхаттап, еңбек еткен. Осындай биік жетістіктерге жету жолы Анараның өмірінде Қостанай педагогикалық колледжінде бастау алды. Біздің колледжіміздің мұғалімдері әрқашан да студенттерімізге тек қана сапалы білім беріп, адами қабілеттерді білім алушылардың бойларына таратады. Ұстаздарымыз көмек беруге, қиындық туса, оны шешу жолын бірге іздеп, өздерінің көмек қолын тигізуге әрқаша да дайын.Адамның өмір жолы оның мақсат пен армандарынан құралады. Өз өмір жолын табу үшін еңбек ету керек, өз-өзіне сенімді болып, әрқашан да алға ұмтылу қажет. Қостанай педагогикалық колледжінің түлектеріне қарап, олардың жетістіктерін бағалай отырып, біз өзіміздің бойымызға да қажетті нұсқауларды алып шықтық. Сәтті болудың негізгі формуласы ол: әрқашанда әрекет ету, өз-өзіне сенімді болу, өз-өзінді ынталандыру, алдыға қойған мақсаттарға жетіп, армандардың орындалуына қорықпай, қадамдар жасау, әрқашан да өзін үшін, қоғам үшін еңбек ету. Қазіргі уақыттан бастап ерінбей, еңбек ету қажет. Жұмыс жасаған адамның, адал еңбегі әрқашан да бағалы және табысты болады. «Қостанай педагогикалық колледжінің» түлектерінің алдағы болашақ өмірлеріне сәттілік пен табыс тілеймін! Ешқашан да ұмытпаңыздар: «Еңбек адамның көркі, Адам заманның көркі». Болашақ өмірлеріңіз өздеріңіздің қолыңызда, өз-өздеріне сенімді болып, биік қойған армандарына қол жеткізіңіздер!
Ак-41 тобының студенті
Бриматова Карина