2022 жылдың 4 ақпан күні «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында М-31тобының студенттері «Ата-анаға алғыс» тақырыбында бейнебаян түсірді. Шыр етіп дүние есігін ашқызған ата -аналарымызға алғыс айту күні ғана алғыс айтып шектеп қоймай,біз оларға күнделікті алғыс айтсақ та аз емес деп ойлаймыз. Әке, ана – сен қиналған сәтте арқа сүйер, қуанған күнде қуанышына ортақтасатын жандар екенін естен шығармауымыз керек. Сенің табаныңа қадалған тікен, менің маңдайыма қадалсын дейтін қорғандарымыз. Ата-ана бізді дүниеге әкелді, ал біздің қолымыздан келетіні сол ата-анамызды ренжітпей, әрқашан оларға көмектесіп, қамқорлық жасап, құрметтеу ғана. Олардың бізге бергенін, біздің оларға беретінімізбен салыстыруға болмайды. Өйткені дүниедегі ең қымбаттысы – өмір. Ал, олар бізге өмір сыйлаған жандар емес пе? Біз оны бағалай білуіміз керек. Міне, сол себепті, біз ата-анамызға барынша қамқорлық жасап, оларды қуантып, ренжітпей жүру – біздің парызымыз.Тобымызда 25 студент білім алады. Барлығымыздың мінезіміз, тәрбиеміз, өскен ортамыз әр түрлі. Бізді осындай азамат, азаматшалар етіп өсірген ата-аналарымызға біздің алғысымыз шексіз. Алғыс айту, қуанту мақсатында ата-аналарымызға арнап бейнебаян дайындап, ең әдемі суреттерін жинақтап, керемет сөздерді сыйға тарттық. Сол себепті мынау бір бескүндік жалған дүниеде, бір –бірімізбен сыйласып, барынша ата-анамызға мейірімді, адал болып өтуге тырысайық. Болмашы бір дүниелер үшін ата-анаға ренжудің мүлдем қажеті жоқ. Оларсыз күндері өтіп жатқан, әкесінің құшағын, анасының аяулы алақанын сезіну бұйырмаған жандар да бар. Сол себепті өмірді танып білуге мүмкіндік берген, жарық сәуле сыйлаған ата-анамызға мың да бір алғыс.
М-31тобының студенті Хасенова Венера,
кураторы Сейлова Ляззат Алдабергеновна