Сұхбаттың мақсаты: дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани дәрежесіне тән иманды, ибалы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, бойында игі қасиеттері мол қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу. Халықтың тілін, салт-дәстүрін білімалушының бойына сіңіру. Білімалушыларды елжандылыққа, достыққа, қайырымдылыққа баулу болып табылады.
Сұхбатымызды Әл-Фараби атамыздың керемет нақыл сөзімен бастадық. «Адам өз өмірінің қожасы,сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек » деген екен. Басқалар мен қарым-қатынаста болу үшін, сенің сыртқы келбетіңмен жүріс тұрысыңды, адамдармен қалай сәлемдесетініңде, қайырымдылық, әдептілігінді осы қасиеттерді біліп көруі тиіс. «Жақсыдан – шарапат, жаманнан – кесапат». Шарапатты іс жасау адамның өзіне байланысты. Адам өзінің шын ниетін білдіріп, басқаның жағдайын өз өмірімен салыстырып, жүрегіне қабылдаған кезде ғана, не сөзімен, не ісімен шарапатын тигізе алады. «Сөздің көркі мақал» деп қазақ атамыз босқа айтпаса керек. Бүгін біз студенттердің қаншалықты қайырымдылық, әдептілік, адамгершілік туралы мақалдар білетінін тексердік.
«Адамгершілік асыл қасиет». Адамгершілік адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуге негізделген. Сонымен қатар адамдардың бір-біріне деген құрметпен сенімділігімен байқалады. Адам әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, әділдік, үлкенді сыйлау осы асыл қасиеттерді бойына сіңіруі керек. «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы студенттермен сұхбаттастық. Сұрақтардың барлығы қайырымдылық жайлы болды, студенттер сұрақтарға жауап беруден белсенділік танытты. Сұрақтарды тек қана жүргізушілер емес студенттерде қойып отырды. Сонымен қатар күнделікті өмірде болатын жағдаяттарды шешіп, өз ойларымызды ортаға салдық. Сұхбат соңында «Мейірімділік шуағы» атты жаттығуымен аяқтадық. Барлығы бір-біріне мейірімділікке байланысты жылы сөздер айтып, мейірімділік шуағын шашты.
Бүгінгі сұхбатты қорытындылай келе осындай тұжырымдамаға келдік. Әрбір адам игілікке бастаған іс намыс, қайрат, жігер болады. Бойында ерік жігерің мен ақылың болса бәрін оңай шешуге болады. Егер де қазір еңбектенетін болсақ, болашақта игілігін көресің. Сондықтан адам асыл қасиеттерден ешқашан айырылып қалмаққа тырысайық.
Сартаева Ақсымбат, Тажиева Асем
М-21 тобының студенттері
Сенбі, 05 ақпанның 2022 14:21
Қайырымдылық - адамгершілік белгісі.
«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында М-21 тобында «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» атты сұхбат өткізілді.
Құрылды
Новости