Осы орайда педагог мамандығын дәріптеу мақсатында 2022 жылы 17 ақпан күні Қостанай педагогикалық колледжінің оқытушылар А.Б.Сандыбаева, З.М.Байнакатова ұйымдастыруымен «Менің мамандығым – менің мақтанышым» атты онлайн-конференция өтті. Сұхбат түрінде жүргізілген конференцияға «Бастауыш білім беру» мамандығының бітіруші топ студенттері мен өз еңбек жолдарымен бөлісу мақсатында колледж түлектері қатысты. Қазіргі таңда Қостанай қаласының №24 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Мухамбетова Анель Муратовна, Мичурин жалпы білім беретін мектебі басшысының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Казыбаев Ерасыл Манасович, Малокановка орта мектебінің оқу-ісінің орынбасары Ғазез Нұрымхан Танатқанұлы қатысып, өздерінің еңбек жолдарындағы қызықтары мен қиындықтары туралы пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар қазіргі таңдағы қызмет жолы, мұғалім мамандығының қиыншылықтары мен артықшылықтары жайында ақпараттар беріп өтті. Іс-шара барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Жас маман үшін алдағы жолын анықтап алу, еңбек жолына бағыт алу өміріндегі маңызды таңдаулардың бірі. Конференция барысында колледжіміздің студенттері өздеріне өмірлік тәжірибе жинап, көкейде жүрген сұрақтарына жауап ала алды деп ойлаймыз.
М-41 тобының студентті
Тоқтарбай Жаниэлла