Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Сенбі, 19 ақпанның 2022 06:41

Ыбырай атаның жолымен

   Қостанай педагогикалық колледжінің 4 курс студенттері М-41 тобы Ыбырайтану факультативі аясында колледж оқытушысы Алимбаева Гульшат Бисембаевна жетекшілігімен Ыбырай Алтынсарин атындағы мұражайға экскурсияға барып келді.

   Мұражайға барудың басты бір мақсаты- қазақ балаларына алғаш мектеп ашып, білімге жетелеген ұлы ұстаз Ыбырайдың асыл мұрасымен, өмір жолымен танысу болатын.
   Мұражай 1991 жылы салынған. Оның алдында дәл сол жерде 1884 жылы орыс-қазақ мектебі ашылды. Мұражай екі қабаттан тұрады. Бірінші қабатында Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянымен, оқытушылық өмірімен, салынған мектептерімен таныстық. Бұрын сонды көрмеген әрі естімеген ақпаратты жинқтап, 3D форматындағы мектеп, үй ішін көзбен көріп, таң қаларлық қалыпта болдық. Ыбырай атамыздың өз қаламымен жазып кеткен хаттарын, өлең жолдарын көзбен көріп оқу- біз үшін үлкен мақтанарлық сәт болды. Мұражайдың екінші қабаты ұлы ұстаздың қызметтік жолы мен отбасы мүшелеріне арналған. Атамыздың балашағы жайлы біршама мәлімен алып, бірге түскен фотосуреттеріне тамсандық. Негізінде Ыбырай Алтынсаринның түскен тек 2 суреті бар екен. Соның біреуі балашағымен бірге түскен сурет болса, екіншісі оқушылармен түсірілген екен.
   Мұражайға жасалған экскурсия студенттер үшін ұмытылмас оқиға болды. Біз болашақ ұстаз ретінде атамыздан үлгі алып, рухани жағынан байыдық деп нық айта аламын. Осындай ұлы тұлғаның Қостанай қаласынан шыққанына мақтанышымызды білдіреміз. Ыбырай атаның жолын қуып, лайықты, соған ұқсас ұстаз боламыз деген болашағымызға зор сенім артып, өз мақсатымызға ұмтыламыз.

М-41 тобының студенті
Буранбаева Айша

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео