Конференция «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Жас ғалым. KST» жобасын іске асыру аясында және Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналды. Студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция 8 секция бойынша жұмыс жасады. Бұл тәжірибелік конференция студенттерге білім беру және тарихи-мәдени үрдістерді зерделеуге, еркін пікір алмасуға, диалог алаңын құруға мүмкіндік берді. Ғылыми зерттеулердің нәтижесі бойынша ІІ дәрежелі диплом Молдабек Дана, Кусаинов Султан, Касымбекова Оразгуль, Тулегенова Дильназ, ІІІ дәрежелі диплом Болих Зайнура, «Креативті шешім» номинациясы бойынша Мұраткалиев Абат, Манапбаева Жібек марапатталды. Жаңа ғасырға қадам басқан жастар қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Колледж оқытушылары дарынды да, қабілетті білім алушыларды ғылымға баулып, ғылым арқылы егемендігімізді нығайтуға үлес қосады.
Жаралыстану-гуманиатрлық пәндер кафедрасының оқытушысы
Ералина А.Е.