Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Сәрсенбі, 02 наурыздың 2022 16:46

«Жас зерттеушілер: болашаққа көзқарас» аймақтық ғылыми форумы

Rate this item
(2 votes)

28 ақпан және 01 наурыз күндері «Челябі мемлекеттік университеті» Қостанай филиалының базасында «Жас зерттеушілер: болашаққа көзқарас» аймақтық ғылыми форумы өтті.

Форум оқушылар мен студенттердің ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға, кәсіби өзін-өзі анықтауға, Soft Skills дағдыларын дамытуға және белсенді өмірлік ұстанымды тәрбиелеуге бағытталған.

28 ақпан күні форумның салтанатты ашылуы болды, сондай-ақ «Болашақ мамандыққа қадам», «Интернеттегі өшпенділік және төзбеушілік тілі» шеберлік-сыныптары мен «20 ғасырдың аяғы мен 21 ғасырдың басындағы Қазақстанның орыс тілді әдебиетінің даму болашағы мен мәселелері» атты дискуссия өткізілді.

Ал 01 наурыз күні студенттер мен оқушылар «Болашақтың құзыреттіліктері кәсіби өз-өзін анықтау факторы ретінде: сәтті мансап үшін Soft Skills» пен «Дебат ойнау өнері» шеберлік-сыныптарында өз біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ форумның екінші күнінде «Лингвистика мен лингвомәдиниет» пен «Біілім берудегі инновациялық үрдістер» атты секциялар өз жұмысын атқарды. Нәтижесі келесідей болды:

1 орын: Теньшикова  Карина, Ар-31 тобының студенті; Маковеева Ангелина, Ар-41 тобының студенті;

2 орын: Бутила Алена, У-23 тобының студенті; Кравченко Дарья, У-23 тобының студенті; Пузанкова Милана, У-31 тобының студенті.

3 орын Ибраева  Карина, Ар-33 тобының студенті; Шабалина Юлия, У-41 тобының студенті

Студенттерді дайындаған ғылыми жетекшілер: Овражко Марина Евгеньевна, Кравченко Татьяна Николаевна, Байнакатова Зияда Мендыгалиевна, Алимбаева Гульшат Бисембаевна. Барлық студенттер мен жетекшілерін шын жүрегімізден құттықтаймыз!

Алимбаева Гульшат Бисембаевна,

оқытушысы

 

Read 1361 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео