Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Бейсенбі, 17 наурыздың 2022 17:02

Қош келдің, әз-Наурыз

   Наурыз – жыл басы. Көктем келіп, жер әлем жасыл түске еніп, қаһарлы қыс құрсауынан шыққан қазақ халықы бір-бірімен сағынысып көрісіп, кең дастархан жайып жаңа жыл мерекесін атап өткен. Қазақ іргесін тіктеп, ел болғалы 30 жылдам астам уақыт болды.

   Осы уақыт аралығында халық дәстүрін қайта қалыпқа келтіру, өшкенін жаңғыртып, өлгенін қайта тірілту ісі жүріп жатыр. Осы орайда, түркі халықтарына ортақ наурыз мерекесін атап өту шаралары ел аумағында басталып кетті. Осыдан бірнеше жыл бұрын еліміздің батыс аймағында ғана атап өтілетін «Көрісу» (Амал) мерекесі бүгінде 14 наурыз күні бүкіл қазақ даласында тойланып жатыр. Бұл ұлттымыздың қатпарлы тарихымен біте қайнасқан мереке екенін танып білуіміздің арқасында. Әз-Наурыз мерекесін атап өту барысында Қостанай қаласы Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап кітапхана қабырғасында мерекелік іс-шара өткізілді. Алалмыш іс-шараға колледжіміздің биылғы жылғы түлектері АҚ-41 тобы жетекшісі Арыстан Н.Н. бірге қатысты. Наурыз мерекесі қарсаңында дайындалатын тағамдар мен қазақтың ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрімен таныстыруды мақсат тұтқан мерекелік шара студенттерге өте қатты ұнады. Студенттер дайындалған тағамдардан дәм татып, салт-дәстүрлермен танысып қана қоймай әсем ән тыңдап, қазақ халқы киелі деп таныған Қыдыр атасынан бата алды.
   «Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе» деп халқымыз текке айтпаса керек. Санаулы айлардан кейін колледжімізді тәмамдап, жаңа өмірге аяқ басатын түлектерімізді ұлт құндылықтарды бойына сіңіріп, өскелең ұрпаққа дәріптей білетіндей етіп тәрбиелеу колледжіміздің негізді міндетті.

АҚ-41 тобының студентті
Төлеу Рәушан
куратор Арыстан Нұралы

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео