Халық ұғымында табиғат деген сөз жер, аң, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады. Олай болса, бүгінгі айтар сөзіміз де, шырқар әніміз де табиғат жайлы болмақ.
Қазақстан табиғатының өлшеусіз байлығын игере отырып, бізді қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау да республикамыздағы ең күрделі мәселелердің бірі.
Қазіргі таңда Қостанай қаламызда экологиялық акция іс-шаралары өтіп жатыр.Осы іс –шараға бізде өз үлесімізді қостық.
Бүгін біз,яғни 21 сәуір күні «Наурыз» шағын мөлтек ауданында орналасқан мешіттің маңайын жинап,ағаштарын қопсыттық.Мешіттің ауласын жинауға Т-11 топ студенттерінің бәріде түгелдей қатысты. Біздің мақсатымыз оқушыларға табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғыза отырып, туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыра білу мақсатында .Мешіт жалпы қазақ халқының тәрбие орны.Бұл орын әр жас өспіріммен үлкендердің әдепті және орынды жүруіне ,салт-дәстүр бойынша иманды болуға тәрбиелейтін орын.
Біздің мақсатымыз студенттерге табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғыза отырып, туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру еді.
Оқытушы: Рахпанова Б.Г.