Патриотизм - "құрмет" сөзінің синонимі. Өз еліне, тіліне, мемлекеттік рәміздеріне, халқына құрметпен қарау.
Ағымдағы жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеуге орай Нұр-сұлтан қаласында "Патриоттар форумы" өтті, оған көрнекті мәдениет өкілдері, қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар қатысты. Форумға бүкіл республикадан 1500-ге жуық делегат жиналды, маған Қостанай облысын таныстырған делегация құрамында болу мәртебесі берілді. Делегация құрамында әртүрлі қызмет салаларының өкілдері болды: медицина, өнеркәсіп, мәдениет, саясат, ал мен өз кезегімде білім беруд саласының өкілі ретінде қатыстым.
Форум қарсаңында елорда қонақтары үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.
Форум басталмас бұрын делегаттар мемлекеттік рәміздер мен олардың тарихы көрсетілген "Таңдалар тарихы" көрмесін қарап шықты. Форумның ашылуы мемлекеттік ту мен елтаңбаны сахна төріне кіргізілуімен басталды, содан кейін мемлекеттік филармония хорымен Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды. Бұдан әрі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Д.А. Абаев құттықтау сөзін алып, жиналғандарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтап, прогрессивті жастардың мемлекеттік рәміздерге деген қастерлі қарым-қатынасының артында ел мақтанышы, отанға деген сүйіспеншілік және шынайы халық бірлігі тұрғанын атап өтті.
Сондай-ақ, іс-шара барысында ғылым және білім, мәдениет және спорт, медицина және волонтерлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы, технология және бизнес, ерекше ерлік көрсеткен азаматтар бағыттары бойынша "Жыл патриоты" номинациясының жеңімпаздары марапатталды. Әр жеңімпаз барлық көрсетілген құрметке лайық екені даусыз, олардың әрқайсысына қол шапалақтау соның дәлелі болды.
Марапаттау рәсімі аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға мемлекеттік филармония әртістерінің, "Жастар" жас көрермендер музыкалық театрының, домбырашылар ансамблінің орындауында концерттік нөмірлер ұсынылды.
Автор: Адильжан Букенбаев, шет тілдер кафедрасының оқытушысы