Биыл алғаш рет техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің педагогикалық инновациялар зертханасы форматындағы секциясы өтті. Секция мақсаты оқытудың заманауи инновациялық практикаларын таныстыру, Қостанай облысы педагогтерінің тәжірибесін тарату болды. Секцияға Қостанай облысының 40-тан астам оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Келесі мәселелер қамтылды:
* Павлодар облысының тәжірибесі бойынша жаңа кәсіптер атласын іске асыру;
* ТжКБ жүйесінің педагог қызметкерлерін аттестаттауды ұйымдастыру;
* кәсіби модульдерді оқытуда цифрлық ресурстар мен сервистерді қолдану;
* медиабілім арқылы студенттердің сыни ойлауын дамыту;
* сабақты жоспарлау білім беру үдерісінің жүйелілігі мен сапасын қамтамасыз етуде педагогтің кәсіби құзыреттілігінің негізгі элементі ретінде;
* кәсіби модульдерде жаңа материалды зерттеу кезеңінде инновациялық технологияларды енгізу;
* арнайы пәндер сабақтары мен өндірістік оқыту кезінде инновациялық технологияларды қолдану;
* «Элеватор, ұн тарту, жарма және құрама жем өндірісі» мамандығы бойынша академиялық дербестік шеңберінде жаңа форматтағы білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәжірибесін тарату.
Секция жұмысының қорытындысы бойынша қатысушыларға ұсыныстар беріліп, релексия жүргізілді.