Сол себептен қазіргі кезде барлық педагогтер өз шеберліктерін шыңдауға ұмтылады. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы бізге осындай мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі сәтте «Қолданбалы зерттеулер жүргізу әдіснамасы» деп аталатын колледж және жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру курсына қатысып жүрмін. Курс барысында тренер Ибраева Айман Ракымжановна барлық материалдарды толық түсіндіріп, алған білімімізді тәжірибелік түрде қолдану мақсатында топтық және жекелей жұмыстарға тартады. Педагогикалық шеберлік платформасында тестілеу өтіп, тапсырмалар орындап нәтижелерімізді бақылап отырамыз. Курста іс-әрекеттегі зерттеу мен сабақты зерттеу тәсілдерін тәжірибемізге енгізуді жоспарлап отырмыз.
Осы орайда «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығына, Павлодар қаласындағы ПШО филиалына және біздің тренер Ибраева Айман Ракымжановнаға өз алғысымды айтқым келеді. Еліміздің білім саласын дамыту үшін жасап жатқан еңбектеріңіз жемісті болсын.
Демесинова Ж.Б.
Жаратылыстану-гуманитарлық пәндер
кафедрасы оқытушысы