Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру және еңбегін ынталандырудың жаңа мүмкіндіктері еліміздегі сапалы білімінің негізі болып табылады.
Республика көлеміндегі білім беру «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы бізге осындай мүмкіндіктерді әрдайым ұсынып отырады. Қазіргі сәтте «Қолданбалы зерттеулер жүргізу әдіснамасы» деп аталатын колледж және жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы, ұстаздарға өз біліктілігін арттыру мақсатында, тыңдаушылардың қолданбалы зерттеу жұмысын тиімді ұйымдастырудағы және білім алушылардың болашақ кәсіби қызметінде қолданбалы зерттеу жұмыстарымен айналысуға дайындаудағы кәсіби білімі мен дағдыларын жетілдіру.
Бұл курстың ұстаздарға беретін міндеттері:
1. Қолданбалы зерттеудің әдіснамалық негіздері, ғылыми таным әдістері және логикасы туралы білімдерің кеңейту және тереңдету;
2. Қолданбалы зерттеу барысында әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу және іздеу, деректерді жинау және ғылыми ақпаратты өңдеу, зерттеу нәтижелерін рәсімдеу дағдыларын жетілдіру;
3. Тыңдаушылардың кәсіби тәжірбиесін жетілдіруде іс – әректтегі зерттеу(action reseach) және сабақты зерттеу (lesson study) әдістерін кіріктіру жағдайларын зерделеу;
4. Тыңдаушылардың білім алушыларды оқыту процессінде зерттеу жұмысына дайындауды ұйымдастыруға, білім алушылардың болашақ кәсіби қызметінде зерттеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.
«Қолданбалы зерттеулер жүргізу әдіснамасы» колледж және жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру курсының алғашқы тақырыбы «Зерттеуге кіріспе» бойынша 2 сағаттық вебинар болды. Жалпы, жоспар бойынша курс бағдарламаларымен, тыңдаушыға арналған нұсқаулықтармен таныстық. Зерттеуге байланысты жаңа педагогикалық теринологиялармен танысып, тереңірек меңгердік.
Бұл курста ең маңызды, тереңірек меңгерген тақырыптардың бірі тыңдаушылардың кәсіби тәжірбиесін жетілдіруде іс – әректтегі зерттеу(action reseach) және сабақты зерттеу (lesson study) әдістері.
Іс-әрекеттегі зерттеудің (action reseach) - басты мақсаты жаңа білімдер алу, болжамдарды растау, эмпирикалық фактілерді жинау емес, ұйымда - мектепте, колледжде, бизнес-ұйымда, отбасыда және т.б. жағдайды жақсартумен байланысты тәжірибелік міндетті шешу болып табылатын зерттеу болып табылады.. Негізінде бұл стратегияны тәжірибелік қызметкерлер өз іс-әрекеттерін жақсарту, проблеманы шешу, педагогикалық инновациялар мен т.б. тиімділігін анықтау үшін іс-қимыл бағдарламасын іске асыру барысында пайдаланады.
Мұғалімдер мектеп базасында зерттеуді жүзеге асыру арқылы сынып тәжірибесін қалыптастырады. Тәжірибе оқыту үдерісіндегі іс-әрекеттерді зерттеу тәсілінің кіріктірілуі соңғы жетілдіретінін және мұғалімнің тәжірибесі және оқушыларды оқыту тәжірибесін байытатынын растайды (Carr, W., & Kemmis, S., 2009).
Іс-әрекетті зерттеуді колледжде еркін түрде қолдануға болады. Ол үшін 5 қадам бойынша қарастырамыз.
Іс әрекетті зерттеудің бірінші қадамы міндеттеме қабылдаймыз,зерттеуге шақырамыз. Сыныпта болатын тәжірбиені ойластыру үшін уақыт көлемін қарастырамыз. Екіншісі, зерттеуді әзірлейміз, сұрақтар мен жауаптар арқылы. Сұрақтарды қою арқылы, ұстаз сыныптағы мәселелерін шешеді,жақсартады. Үшіншісі, тәжірбиені зерделеу, деректер мен талдау. Сұрақ қою кезінде, Сіз оған қалай жауап беру керектігін ойлауыңыз қажет. Сіз үшін сұраққа жауап алынғанына не дәлел болады деп ойлану керек.Төртінші, жаңадан бастаймыз,жаңа жетілдірілген сұрақтар. Қойылған сұрақтар бойынша талдау жасап, жаңа сұрақтар дайындаймыз.
Бесіншісі, осы іс-әрекеттің қажеттілігі, болған өзгерістер мен алынған нәтижелер туралы қосымша ойланып, қорытынды рефлексиялық сұрақтар қолдану. Іс-әрекетті зерттеу осы сұрақтар туындаған жерде орынды, онда нақты практика жүзеге асырылады және дереу әрекет жасауға мүмкіндік береді (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012).
Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Бұл тәсіл ХІХ ғасырдың 70-ші жылдарында Жапонияда негізі қаланған. Мұғалімдер жаңа оқыту әдістемесін талқылап, оны нақты сабақтарға бекіте бастады. Соңында бұл үдерістерді Lesson Study деп атады.
Жалпы зерттеуді жүргізу барысын осы кезеңдер бойынша қарастыруға болады.
1. Ұйымдастырушылық
2. Жоспарлау
3. Сабақты зерттеу
4. Қорытындылау, тәжірибемен бөлісу
Ұйымдастырушылық кезең. Ұйымдастырушылық кезеңде алдымен зерттеу өткізілетін сынып таңдалып алынады. Зерттелетін сыныпты таңдауда белгілі бір мақсат көзделеді.
Жоспарлау кезеңі. Тақырып анықталған соң, жоспарлау кезеңі басталады. Зерттеуге қатысушы мұғалімдер тобы бірлесе отырып зерттеуді жүргізу жоспарын құрады. Жоспар үш кезеңді қамтиды: ұйымдастыру, зерттеу сабақтарын өткізу, қорытындылау.
Сабақты зерттеу кезеңі. Зерттеу кезеңі Lesson Study –ға қатысушы мұғалімдердің санына қарай үш немесе одан да көп циклдан тұрады.
Қорытынды кезең. Тәжірбиемен бөлісу мақсатында деректермен алмасу.
Қортындылай келе,білім беру саласында оқытудың жаңа әдістерінмеңгермейінше сауатты, жан-жақты маман дайындау мүмкін емес. Әрине маманның сапасы алынған білімнің біліктілігіне байланысты. Дана халқымыз айтқандай: «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деп текке айтпаған. Өйткені қай кезде,қай қоғамда болмасын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады, ал ұстаздың сапалы, кәсіби маман болуы біліктілікті арттырып, өзін жетілдіруден басталады. Сондықтан ұстаз өз білім-білігін, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі тиіс.
Сейсенбі, 20 қыркүйек 2022 15:07
Кәсіби – біліктілікті арттыру арқылы жетістікке жету
Бүгінгі елдің басты талабы - бәсекеге төтеп беретін өз ісінің шеберлерін дайындап шығару. Сол себепті ұстаз әрдайым заман талабына сай, біліктілігін арттырып, кәсіби шеберлігін шыңдап, өз мамандығының иесі болуы қажет.
Құрылды
Новости