Педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңес өз жұмысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына: «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 мамырда No 20619 болып тіркелген "Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы" ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес жүзеге асырады.
Сондай-ақ жиында колледж ұжымымен ағымдағы оқу жылында еңбек тәртібін нығайту және педагогикалық әдеп нормаларының бұзылуына жол бермеу бойынша жұмыс жүргізу туралы шешім қабылданды.
Қорытындылай келе педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Нурпеисов Р.Т. әріптестеріне жедел жұмыс жасағаны үшін алғысын білдіріп, білім және мәдениет саласының болашақ құзырлы мамандарын тәрбиелеу мен даярлау колледжінің миссиясын орындауда ұстаздың мінез-құлық үлгісі маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Демесинова Жанна Болатовна
Секретарь Совета по
педагогической этике