Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy              

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« April 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Сейсенбі, 27 наурыздың 2018 18:41

Василий Амельянович Шалабаевты еске алуға арналған ХХ шахмат турнирі

24 наурыз күні Қостанай педагогикалық колледжінде Василий Амельянович Шалабаевты еске алуға арналған шахматтан ХХ турнир өтті. 

В.А. Шалабаев – педагог, ақын, публицист, аудармашы, шахматшы, қоғам қайраткері, XII шақырылымдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Василий Амеляновичтің көзі тірі кезінде  өз балаларының, достарының, туыстарының бастамасымен және облыстық шахмат федерациясының қолдауымен оның еңбегінің белгісі ретінде Шалабаев кубогына арналған турнир құрылған болатын.

Қостанай облысында көптеген жылдар бойы Шалабаев оқулары, волейбол, үстел теннисі, шахмат бойынша спорттық сайыстар өткізілуде. Василий Шалабаев кубогы жыл сайын ең адал шахматшыларды жинайды.

Осы жылы шахмат турнирінде Алтынсарин, Карабалық, Қарасу, Ұзынкөл, Сарыкөл аудандарынан, Қостанай қаласы мен Докучаев орта мектебінен 8 команда және Шалабаев отбасының мүшелері қатысты.

Қарабалық ауданының шахматшылары жеңіске жеткен болатын. Сәйкесінше, екінші орынды Сарыкөл ауданы иеленсе, үшінші орынға Қарасу ауданының шахматшылары тұрақтанды.

Педагог-ұйымдастырушы

Морозенко С.М.

 

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео