Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy              

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« March 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Дүйсенбі, 10 қазан 2022 15:32

Ұлттың ұлы жазушысы - Мұхтар Әуезов

   Қазақтың кемеңгер жазушысы Мұхтар  Омарханұлы  өмір  бойы  өз  ұлтының  рухани  мұрасын, мәңгілік  құндылықтарын,  мәдениеті  мен  әдебиетін  байытудын  жолдарын  қарастырумен  болды.

   Дүниеге  қазақ  перзенті  болып туып,  азамат  перзенті  атанған  М.Әуезов  тағдыры - талай ақиқатқа  қапысыз  көз  жетізген тағылым  мектебі заманы мен бірге  тебіреніп,  мәңгілікке  үндесе  білудің  айқын  өнегесі.
   Ұлы  суреткер  феодалдық  қоғам  ыдырап,  қазақ қоғамы капитализімді  айналып  өтіп, соцалистік  қоғамның  орныға  бастаған  тұсында  әдеби  өмірге келді.  Сондықтан да білімділердің  бел  ортасынан  өз  орнын  ойып  алды,  ерте  жарық етіп  көрінді.     
   Ұлы тұлға, қоғам қайраткері, Абайтану ғұлама ғалымы Мұхтар Омарханұлының  125 жылдығына орай, Қостанай  педагогиқалық колледжі кітапханасының  қызметкерлері «Ұлттың ұлы жазушысы –Мұхтар Әуезов»  тақырыбына әдеби –сазды кеш ұйымдастырып, өткізді. Аталмыш іс-шараның мақсаты- студент жастарды  халқымыздың отансүйгіш, ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің ерекше тұлға екенін көрсету, өмірі және шығармашылығымен таныстыру, студенттердің сөйлеу шеберлігі мен мәдениетін жетілдіру, Мұхтар Әуезов есімін қадірлеуге тәрбиелеу. Әдеби  -сазды кешке   болашақ «Бастауыш сынып мұғалімдер» мен «Информатика пәнінің бастауыш және негізгі орта білім мұғалімдері» тартылды.
   Қай  халық болсын осындай жазушы болуы- үлкен бақыт. Әуезов көзінің тірісінде -ақ   халықтың алғысына бөленіп, «Ұлы» атаққа ие болған. Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетіндегі қайталанбас тұлға.
«Абайды  Абай еткен Мұхтар ғана
Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана
Қазақтың қос арысы, қос данасы.
   Қалайша бас имессін оған, сірә»  деген жыр жолдарымен басталған  мерей тойлық кештегі бастапқы  сөз «Ақпараттық» топ студенттері  Б. Қаупыш   мен Қ. Нуржалғас  жүргізумен  басталды.  Кеш барысында Ж.Жусупов, Т.Жумғажан, Ж.Нуридинова,  сияқты студенттер   Мұхтар Омарханұлына арналған «Ол Әке», «Ол ұстаз», «Бата» өлеңдерін оқыды. Кеш ажарын   Қ.Қабиеваның «Туған жер» әні кіргізді.  М.  Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан Абай мен Құнанбайдың диалогін орындаған  Магзумов  Байрам  мен Файзолла Бейбарыстың шоқтығы биік болды.
   Ұлы тұлға, қоғам қайраткері өнегесімен сусындалған жастар сәулелі  ой түйіп, өзгеше сезімге бөленді. Кеш соңында айтулы кешке белсенді қатысқан студенттер  грамоталармен марапатталды. 

Ш.У.Хусайынова
Л.Ж. Байгазина
Қостанай педагогиқалық колледжі  кітапханашылары



     

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео