кездесетін қиындықтарын анықтай отырып, мәселеден шығу жолдарын қарастыру және сапалы жоспар құруға көмектесу.
Колледжішілік бақылау бойынша кафедра меңгерушісі К.Абдиханованың жетекшілігімен білікті ұстаздар Е. Жутова, А.Буранова, А. Сандыбаева жұмыс жасады.
Жалпы алғанда колледж оқытушылары сабақ жоспарын талапқа сай құрастырады: сабақтың негізгі кезеңдерінің талапқа сай болуы, оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер талаптарына сәйкестігі, сабақта оқушы жұмысының белсенді формаларын қолдану барысы. Бақылау нәтижесінде кейбір оқытушыларға әдістемелік көмек көрсетілді, атап айтқанда: сабақтың мақсатын, оның кезеңдерін қою және тұжырымдау, әр түрлі іс-әрекет түрлерін қолдану және сабақтың әр кезеңіне рефлексияны дұрыс жоспарлау. Оқытушылармен жеке әңгімелесу нәтижесінде сабақ жоспарын құруда қиындықтар туындамайтыны, оларға кафедрада бір-біріне көмек көрсетілетіні, тәлімгерлер оқытушылармен тығыз байланыста жұмыс жасайтындығы анықталды
Ахат Қамар Закарияқызы,
директордың оқу жұмыстары
жөніндегі орынбасары