Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Бейсенбі, 27 қазан 2022 00:26

ЖАҢА КӘСІБИ СТАНДАРТПЕН-ЖАҢА ҚАДАМ

26 қазанда «Өрлеу» филиалында «Педагог» жаңа кәсіби стандарты талданды. Бұл отырысқа мектепке дейінгі тәрбие білім беру саласының мамандары қатысты.

Осы кәсіптік стандартты ескере отырып,білім беру бағдарламалары, педагогтарды сертификаттау және аттестаттау рәсімдері,үздіксіз кәсіптік дамудың мазмұны әзірленеді және жаңартылады, педагог кадрларды қызмет бойынша ілгерлету яғни,өсу стратегиясы құрылатын болады. Нәтижесінде «Педагог» кәсіби стандарты білім берудің барлық деңгейлеріндегі педагогтардың кәсіби дамуының бірыңғай бағдары болады. Құжатта мұғалімнің міндетті қасиеті-білімалушының жеке басына қатысты гуманизм екендігі баса айтылған. Мұғалімнің сенімдері мен көзқарастары азаматтарды болашақтың көзқарасына сәйкес тәрбиелеуде және олардың құндылықтары мен қарым-қатынастарын,өзге мәдениеттке,әлемге төзімділіктерін қалыптастыруда көрінеді. Осы кәсіптік стандартты ескере отырып, білім беру бағдарламалары, педагогтарды сертификаттау және аттестаттау рәсімдері,үздіксіз кәсіптік дамудың мазмұны әзірленеді,жаңартылады.
Кәсіби стандартты талқылауға Қостанай педагогикалық колледжінің оқытушылары да, қатысты. Әзірлеушілердің ойынша,кәсіби стандарт-бұл білім беруді дамыту стратегиясын іске асыру,білім беру сапасын арттыру,мұғалімнің біліктілігін обьективті өлшеу,мекемелерге педагогикалық кадрларды іріктеуде,педагог жұмыстарын талдауда оң бағыт беретін құрал.

Әзірлеген: бөлім меңгерушісі Абдиханова К.О.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео