ұйымдастырудың әртүрлі нысандары мен әдістерін қолдану болса, міндеттері білім берудің жаңартылған мазмұнының логикасында оқу сауаттылығын қалыптастыру, қазақ, орыс тілдерін, қазақ және орыс әдебиетін үйренуге деген қызығушылықты қалыптастыру; педагог мамандығына, Қазақстан Республикасының мәдениетіне деген қызығушылықты оятуды жалғастыру; білім алушылардың жеке шығармашылық қабілеттерін іске асыруға және ашуға мүмкіндік беру болды.
Апталықтың ашылуын Т-11 тобының студенті Қайыржан Назира ән шашуымен бастады. Студенттер ғылым, білім туралы ғұламалардың нақыл сөздерін айтып, «кітап оқу не үшін керек?» деген сұраққа студенттермен сұхбат жүргізді. Іс-шара соңында жүргізушілер М-11 студенті Кабдымажитова Айтолқын мен Ак-11 тобының студенті Айтбаева Баянсұлу апталықтың бағдарламасымен таныстырды.
Сейлова Ляззат Алдабергеновна,
филология кафедрасының оқытушысы