Мұхтар Омарханұлы Әуезов ұлт әдебиетінің алтын ғасырының бастауында тұр. Ол қазақ өр¬ке¬ние¬ті¬нің жаңа болмысын ашқан жа¬зушы, ғалым, ұстаз, драматург, сын¬шы. Энциклопедиялық ұшан-теңіз білім дариясының кемеңгері әрі ұлы қайраткерінің туғанына 125 жыл толуына арнап Т-11 тобында ашық куратор сағаты өтті. Куратор сағатының мақсаты әлем таныған Әуезовтың ұлылығын дәріптеу. Қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеуге тәрбиелеу. Студенттер М.Әуезов өмірі мен шығармашылығы бойынша ақпарат алып, пікір алмаса отырып, өз өнерлерін көрсетті. Іс-шара барасында Қайыржан Назира «Би» күйін қақышына келтіре орындап, «Мереке» әнін сыйға тартты. «Қазақ биі» биін Бирмаганбетова Айгерим мен Тлеугабылова Арайлым би биледі. Жылдар жылжып өткен сайын, жаңа Қазақстанның жас ұрпақтары ұлы классик жазушы ту¬ралы көбіне интернеттік ақпа¬рат-пен ғана таныс болады да, оның өмір жолының сан соқпақ жол¬да¬ры¬нан бейхабар қалады. Сон¬дық¬тан Абай Мұхтарды әдебиеттің шы¬ңына көтерді, Мұхтар Абайды әлемге танытты. Бұл − ақиқат. Абай дегенде – Әуезов, Әуезов дегенде Абай көз алдыңа келіп тұра қалатыны бүкпесіз шындық. Соңында М.Әуезовтің қазақ халқын әлемге танытқан «Абай жолы» романынан үзінді сахналады. Кейіпкерлер ролінде ойнағандар: Шаймерденова Диана, Досавеа Аружан, Қалабай Айдана, Тлеугабылова Арайлым, Ерболатова Гульмира, Нағашыбай Толқын, Рақым Айша, Ердесова Ажар, Турехан Асем, Сеилгазымова Нұрайым, Бирмаганбетова Айгерим.
Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна,
Т-41 тобының кураторы