Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Сәрсенбі, 14 желтоқсан 2022 11:14

Жаңа күн-жаңа мүмкіндік!

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға

Абай Құнанбайұлы

         2022 жылдың 5-11 желтоқсан аралығында кәсіптік шеберлікті дамытатын  «WorldSkills Kazakhstan 2022»  Республикалық чемпионаты Астана қаласында болды. Чемпионат 30 кәсіптік шеберлік бойынша 500 ден астам колледж студенттерінің арасында өткізілді. Мен бұл Республикалық сайысқа «Кіші сыныптарды оқыту» құзыреттілігі бойынша қатыстым. Менімен бірге Қазақстанның 19 облыстарынан келген болашақ мұғалімдер өз бақтарын сынады.

Чемпионат 4 кезеңге бөлінді. Модуль А кезеңінде интерактивті жабдықты пайдалана отырып, оқу пәндерінің бірінде бастауыш сыныптарда сабақтың үзіндісін (жаңа білімді ашу кезеңі) әзірлеу, әдістемелік қамтамасыз ету және өткізу мақсатқа алынды. Сондай-ақ, модуль С кезеңінде «Дарынды балалармен жұмыс» тақырыбына wix платформасы арқылы мұғалімнің жеке сайтын жасай білу қажет болды. Ол сайт 3 негізгі бөлімнен тұрды: теориялық, әдістемелік (мұғалімдерге) және білім беру (ата-аналарға және оқушыларға). Модуль В кезеңіндегі басты мақсат: оқу пәндерінің бірінде белгілі бір тақырыпты меңгеруді қамтамасыз ететін деңгейлік оқыту тапсырмаларын әзірлеу және көрсету. Ең соңғы кезең - модуль Д болды. Патриоттық, экологиялық, адамгершілік бағыт бойынша сыныптан тыс іс-шара презентациясын әзірлеу бағаға алынды. Сонымен қатар, үштілділік бойынша жұмыстар жүргізілді.

«WorldSkills Kazakhstan 2022»  Республикалық чемпионаты қарсанында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі  Асхат Канатович Аймагамбетовпен көрісу мүмкіндігі туды. Жалпы чемпионаттан түйген ойым мен алған тәжірибем мол деп санаймын.  Бұл чемпионат мен үшін жүлделі болды. «Үздік маман» алтын медаль иегері атандым. Қостанай педагогикалық колледжінің атынан шығып тұрғандықтан маған сенген жандардың үміттерін ақтау мен үшін  маңызды болды. Осындай мүмкіндік сыйлаған колледж директоры Ғалия Ульмеханқызы Уразамбетоваға алғыс білдіремін. Сонымен қатар, жетекшілерім Волошко Валентина Ивановаға, Сандыбаева Аймгуль Балтабаевнаға және Кокенова Динара Кайратовнаға ұшан-теңіз еңбектерініз бен зор артқан сенімдерінізге үлкен алғыс. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша көмек берген Тулепова Данара Жылгелдынқызына және басқа пән мұғалімдеріне қолдағандары үшін рахмет айтамын. Жылы лебізбен қарсы алған №1 мектеп бөлімінің меңгерушісі Ибраева Ляйлим Бериковнаға, топ жетекшім Сейлова Ләззат Алдабергенқызына, Кубегенова Гульназ Жумабаева мен топ студенттеріне алғысым шексіз!

М-41 тобының студенті

Сандыбекова Жансая

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео