Осы кезеңнен өту үшін шәкірттер дұрыс дайындықты талап етеді. Қостанай педагогикалық колледжінде осы дайындықты үлгілі ұстаздар өз тәжірибиесі мен білімдеріне сүйене отырып өткізеді. Практикаға дайындық барысында мен болашақ жұмысыма көмек болатын білімді бойыма сіңірдім.
Мен, 07.11-09.12 аралығында "Қостанай қаласы білім бөлімінің Мәриям Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінде" практикадан өттім. Бұл мектеп өзінің тарихы мен атауымен ерекше. Мәриям Хәкімжанова Қостанай өңірінде туылған Қазақстан Республикасының халық жазушысы. Үлгі тұтар ақынның есімін алып жүрген мектеп өзінің тәжірибелі мұғалімдері мен тәрбиелі балаларымен ерекшеленеді.
Машықтану барысында мен әдіскер мен мектеп мұғалімімен жұмыс жасадым. Әр өткізілген сабақтарымның жоспарын жасау барысында осы кісілердің кеңестеріне сүйендім. Ибрахим Ырсалды Елдосовна мектепте кеңесшім болған мұғалім. Ырсалды Елдосовна тәжірибесі және құзыреттілігі мол педагог. Ол менімен сабақты өткізу әдістерімен, педагог имиджі туралы түсінікпен және жалпы педагогикалық білімімен бөлісті.
Менің практикадан өту барысындағы басты мақсатым-оқушыларға сапалы білім беру болды. Сол себепті балалардың жастары мен білімдеріне сай келетін әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар таңдаған болатынмын. Мысал ретінде атап өтетін болсақ, 2 сынып оқушыларымен жұмыс жасау барысында мен ойын формаларын, сергіту сәттерін, қызықтыратын топтық жұмыстарды, жеңіл әрі әсем безендірілген тапсырмаларды қолдандым. Оқушылар сабақта өздерінің білімдерін, тапқырлығын және тәрбиелігін көрсететін. Мен, өз кезегімде мұғалім атауыма сай өзімді дұрыс деңгейде ұстап, оқушылармен жақсы қарым-қатынас орната білдім.
Практика процесінде студент мұғалім бола алады, өзінің кәсіби және шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, дұрыс мамандықты таңдағанына көз жеткізеді. Бұл сөзді мен өз тәжірибеме сүйеніп айтудамын. Осы машықтанудың арқасында мен мамандық таңдаудан қате жібермегенімді түсініп, жаңа деңгейге көтерілдім. Оқушылардың арқасында үлкен мотивацияға ие болып, кезекті практика үлгілі педагог болуға бір қадам жасауға септігін тигізді деп нық айта аламын. Педагогикалық практика - нағыз педагогтың өміріндегі маңызды кезең.
Ак-41 студенті: Ибраева Шолпан
Әдіскер: Шопанова А.Б.