Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy              

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Жұма, 17 ақпанның 2023 09:16

Болашақты таңдау

2023 жылдың 15 ақпанында Қостанай педагогикалық колледжінде «Ашық есік күні» атты, 9 және 11 сыныптарға арналған іс-шаралық конференция өткізілді. Өткізілген іс-шараға шет тілдер кафедрасының меңгерушісі Е.М. Жутова, А.Б. Шопанова, № 2 мектеп

бөлімінің Ак-41 тобының білім алушылары Кабенов Ерлан мен Қоянбаева Аружан және № 3 мектеп бөлімінің АР-41 тобының  білім алушылары Махамбетова Аружан және Марченко Дарья қатысты. Соған қоса, конференцияда Надежда ЖББ, Айсары ЖББ және Владимир ЖББ мектептерінің түлектері қатысты. Іс-шара аясында мектеп түлектеріне колледж базасында экскурсия ұйымдастырылып, колледж сайты туралы бейнеролик көрсетіліп, колледж дайындап жатқан мамандықтар туралы ақпарат берілді. Бейнероликті дайындаған Марченко Дарья, мектеп түлектерін www.eduvkpk.edu.kz сайтымен таныстырды. Сайттың ерекшеліктерін, ақпарат алу панельдерінің орналасуын, колледж туралы мәліметтерді алу беттерін ашық көрсетті. Сондай-ақ, колледж мақтанышы,  «Қазақстан Республикасы колледждерінің ең үздік 100 студенті» жыл сайынғы республикалық конкурсының жүлдегері Start-up идеяларды ұсынушы және «ASAR» волонтерлық ұжымының жетекшісі Кусаинов Султан туралы сөз қозғалды. Сонымен бірге, колледж мектеп оқушыларын колледждегі мамандықтар мен студенттердің белсенді өмірімен таныстырды. Ал іс-шара соңында мектеп түлектерінің колледж білім алушылары туралы алған ақпараттарды бекіту мақсатында Quizzes викторинасы ойнатылды. Мектеп түлектері колледж туралы мәліметтерімен танысып, түрлі сұрақтар қойылды. Конференция мектеп түлектерімен кері байланыс алмасқаннан кейін өз мәресіне жетті.

Ак-41 тобының студенті Қоянбаева Аружан
Шет тілдерінің арнайы пәндер оқытушысы:  Шопанова А.Б.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео