Олимпиаданы өткізудің мақсаты: оқушылардың зияткерлік шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
Міндеттері:
- білім алушыларға зияткерлік жарыс қызметінде өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігін беру;
- оқушылардың математика және физика пәндері бойынша жаңа білім алуға қызығушылығын ынталандыру;
- оқушылар мен студенттердің ғылыми сауаттылығын арттыру, дарынды балаларды қолдау және зияткерлік даму үшін жағдай жасау;
- ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін, белсенді өмірлік ұстанымын, логикалық ойлау қабілетін, заманауи ғылымда бағдарлай білуін кеңейту;
- білім алушыларға кәсіптік бағдар беруге және білімін жалғастыруға жәрдемдесу.
Олимпиада onlinetestpad.com онлайн платформасы арқылы жүргізіледі. Платформаның онлайн режимінде сертификат қосу мүмкіндігі бар, ол автоматты түрде жүктеледі. Олимпаданы сілтеме арқылы өткеннен кейін, сертификатты бірден жүктеп аласыз.
Олимиападаға сілтеме: https://onlinetestpad.com/r6w4xsf6owvy2