Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша өтті:
- мектепке дейінгі білім берудің басымдықтары;
- бастауыш мектептегі білім беру ынтымақтастығы;
- қазіргі педагогика мен психологияның тенденцияларын дамыту;
- үздіксіз білім беру жүйесіндегі цифрлық технологияның мүмкіндіктері.
Қостанай педагогикалық колледжінің студенттері онлайн форматта ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Пленарлық отырыста Т-31 тобының білім алушысы Тулепова Д. Ж. жетекшілігімен Басенова Айдана, Волошко В. И. жетекшілігімен У-22 тобының білім алушысы Беседа Ксения, Жармухамбетова А. А. жетекшілігімен М-41 тобының білім алушысы Сандыбекова Жансая, Сыздыкова Б. С. жетекшілігімен У-41 тобының білім алушысы Сандыбекова Регина, Сейлова Л. А. басшылығымен М-41 Хасенова Венера өз жұмыстарын ұсынды.
Қостанай педагогикалық колледжі білім алушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары да жинаққа жариялау үшін қабылданды. Бұл жұмыстардың авторлары ИР-11 тобының білім алушылары Султанова Н.Т. жетекшілігімен Новоселецкая Анастасия, Сейлова Л. А. жетекшілігімен М-41 тобының білім алушылары Айбаркызы Аруна мен Молдабек Дана, Волошко В. И. жетекшілігімен У-22 тобының білім алушылары Беседа Ксения.
Конференцияны өткізу қорытындысы бойынша Т-31 тобының білім алушысы Басенова Айдана құрметті үшінші орынға ие болды, М-41 тобының білім алушысы Сандыбекова Жансая «Педагогикалық білім берудегі ынтымақтастық: ғылым және зерттеу» ғылыми-практикалық конференциясының жеңімпазы атанды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз, қатысушыларға және олардың ғылыми жетекшілеріне жоғары дайындық пен талпыныс үшін алғыс айтамыз, оларға жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!
Баган М.С., әдіскер