Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сәрсенбі, 01 наурыздың 2023 08:58

Алғыс айту күні

   Көктемнің алғашқы күні бірінші наурыз алғыс айту мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Біз М-41 тобы  бір-бірлеріне ғана алғыстарымызды  айтып қоймай ұлағатты ұстаздарға, колледж мекемесінде жұмыс жасайтын барлық азаматтарға да  жүрек жарды жылы сөздерімізді айтып алғысымызды білдіреміз.

    Барлығымызға белгілі алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады.  Біз сіздерге деген алғысымызды жүрек жарды тілектерімізді бейнебаян мен жеткізуді жөн көрдік.Жасаған жақсылық, берілген көмек,көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ жасаған істерге алғыс айту парыз деп түсінеміз.   Себебі адамның адамға  әркім алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған мензейді. Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған күн деп ойлаймыз.  Бейбітшілік пен келісім саясатының толыққанды қалыптасқандығын көрсететін салтанаты мерекесі.  Құндылықтардың қадіріне жете білген еліміздің  қашанда келешегі кемел болары анық. Сондықтан да тек алғыс айту күні ғана  бір-бірімізге алғыс айтып қоймай әрқашанда ризашылық білдіріп жүруге шақырамыз.Ендеше, көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғыстарымыз көп болсын. Сіздерді елімізде таныштық пен үндестік, өзара сенім мен барша қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған айтулы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық,отбасыларынызға амандық, бақ-береке тілейміз. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білу, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.

М-41 тобының студенті Хасенова Венера.
М-41 тобының кураторы Сейлова Ляззат Алдабергеновна.

Media

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео