Жастар сарайында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Р. Мұхаметқалиевтің қатысуымен өткен кездесуде Қостанай педагогикалық колледжінің директоры Ғалия Ульмесханқызы Уразамбетова Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге қосқан лайықты үлесі үшін грамотамен марапатталды.
Білім алушылар мен оқытушылар ұжымы Ғалия Ульмесханқызын шын жүректен құттықтай отырып, еліміздің патриоттарын тәрбиелеуде жаңа шығармашылық идеялар мен жоспарлар, деніне саулық, әр ісіне сәттілік тіледі.