Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Дүйсенбі, 13 наурыздың 2023 15:50

Театр әрекеті даму құралы ретінде

   Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі, кейде көркемсөз оқушы айтып тұрады.

   Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), саусақ, үстел үсті, көлеңке театр, қуыршақтарымен  ойын көрсететін театрлар, т.б. Қуыршақ театры жайындағы алғашқы деректер Аристотель, Геродот, Ксенофонт, Апулей еңбектерінде кездеседі.
   Қазақ жеріндегі қуыршақ театры ұлттық ойындардан бастау алған. Ертеден келе жатқан “Ортеке” ойыны осының айқын дәлелі. Ағаштан жонылып жасалған киік немесе ат мүсіншесін сылдырмақтап жіп тағып, домбыра тартқанда жіптің бір ұшын ішекті шертер саусаққа іліп билететін болған. Тартылған күй ырғағына қарай “Ортеке” ойын көрсеткен.
Біздің Т-21 топта биылғы жопар бойынша театр іс-әрекеті (факультатив) сабағынан театр қуыршақтарының түрлері мен ойналу әдістерімен танысып, ойнап үйреніп жатыр. Театр іс-әрекеті факультатив сабағын Рахпанова Б.Г. жүргізеді. Педагог қазіргі таңда бізбен лаборатория бөлмесінде берілген әр –түрлі қуыршақтармен ертегіні қалай сомдап және қалай ойнау керек екендігі жөнінде әдістемесін көрсетіп, қойылым қойып ойнап жүрміз. Біздің дауыс ырғағымызбен дауыс мәнеріне Багиткуль Ганиевна көп көңіл бөліп жатады және өзі бірге ойнап, жақсы ойнаған студенттерді мақтап, мотивацияда беріп қояды. Біздің топқа жалпы театр іс-әрекеті сабағы ұнайды, әрі ертегілерді сомдап қана қоймай жақсы мәнерлеп оқуымызғада көңіл бөледі. Теориядан алған білімдерімізді практикада қолдана алатынымызға көп көмегін тиетіні сөзсіз.

Оқытушы: Рахпанова Б.Г.
Т-21 топ студенті: Боранбай Жансая

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео