Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Сейсенбі, 04 сәуірдің 2023 19:32

«Би калейдоскопы»

2023 жылдың 04 сәуірі күні Қостанай педагогикалық колледжінде хореография кафедрасы апталығы аясында 10 минуттық үзілісте, бірінші қабаттың холында арнайы пәндер оқытушысы Жаркенов Қ.С және РТК31 тобының

студенттері Конуспай Тахмина, Нураддин Балнур, Жусупова Камила, Костюк Анжеликаның ұйымдастыруымен «Би калейдоскопы» ойынын өткізді
Ойынның басталуын асыға күткен студенттер мен ұстаздар залға толы болды. Ойынды бастамас бұрын түрлі билермен залды қыздырдық. Ойын жүргізушісі Жусупова Камила келген мұғалімдер, студенттер және колледж қонақтарын қарсы алып, ойын барысын түсіндіре бастады. Содан кейін студенттер мен мұғалімдер 3 қатысушыдан тұратын 6 топқа бөлінді. Әр топтың мүшесі шығып жеребемен жануардың белгілі бір бейнесін таңдап алды, соның негізінде топтар белгілі бір уақыт ішінде би қою керек болды. Әр топқа бір минуттай дайындық берілді, көп ұзамай біз де ойынымызды бастадық.
Ойын нәтижесінде барлық қатысушылар жағымды эмоцияларға бөленді.
Ойынның мақсаты орындалды.
Жаркенов К.С.,
хореография кафедрасының арнайы пәндер мұғалімі

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео