Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Бейсенбі, 17 тамыз 2023 16:20

Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының « Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК

Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының « Қостанай жоғары  педагогикалық колледжі» КМҚК (мекенжайы: Қостанай қ.,   Быковский к-сі, 9,  тел. (87142)26-36-44

e-mail: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. Вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. ) тәрбиешінің бос, уақытша бос (декреттік демалыс кезінде) лауазымына  ашық конкурс  жариялайды (2 мөлшерлеме ). Құжаттарды қабылдау мерзімі:

2023 жылғы  17.08 - 25.08 .

Біліктілік талаптары: жатақхана тәрбиешісінің тиісті бейіні бойынша жоғары білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Лауазымдық міндеттері:

1) жатақханада сыныптан тыс тәрбие және мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастырады және өткізеді;

2) тәрбие жұмысының мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіреді;

3) білім алушыларды спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық тәрбиелеуді жүзеге асырады;

4) бала құқықтарын іске асыруға ықпал етеді, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды;

5) жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

6)   ата-аналармен немесе қамқоршылармен байланыс жасайды;

7) білім алушылармен жеке жұмыс жүргізеді;

8) білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі қағидалардың талаптарын орындайды.

Еңбек өтіліне байланысты лауазымдық  айлық/жалақы мөлшері 120 000 теңгеден      150 000 теңгеге дейін.

Конкурс ҚР БҒМ «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсты өткізу күні мен орны: Қостанай қ., Быковский к-сі, 9, Қостанай жоғары  педагогикалық колледжі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1)  осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);                                                                                                                             

3)  кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4)  педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;         

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);  6)   «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7)  Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9)  ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10)  педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.

3), 4), 5)  тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен куәландырады.

  Конкурстық тағайындауға қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.

 Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе)оларда қамтылған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

 Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары және электрондық мекенжайлары:

8 (7142) 26-69-34; e-mail: -mail: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. Вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

 

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео