Біліктілікке қойылатын талаптар: жалпы кәсіптік және арнайы пәндер оқытушысының жұмыс өтіліне талап қойылмай, тиісті бейіндер бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі немесе кәсіптік білімі болуға тиіс және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуға тиіс, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл. педагог-шебер үшін-5 жыл, тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болған кезде педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат.
Лауазымдық міндеттері:
1) оқу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;
2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
3) жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
4) оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;
5) білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;
6) оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;
7) білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
8) жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың талаптарын орындайды.
Еңбек өтіліне байланысты лауазымдық жалақы мөлшері 120 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін.
Конкурс ҚР БҒМ «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 бұйрығы негізінде өткізіледі.
Конкурсты өткізу күні мен орны: Қостанай қ., Быковский к-сі, 9,
Қостанай жоғары педагогикалық колледжі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.
3), 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен куәландырады.
Конкурстық тағайындауға қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе)оларда қамтылған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары және электрондық мекенжайлары:
8 (7142) 26-69-34; e-mail: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. Вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.