Мақсаты: білім алушылардың өз болашағының бағытын айқындап, мақсат қоя білу туралы түсініктерін кеңейту арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Диалогтік алаңда топ студенттерімен бірге жетістікке жетудің негізгі қағидалары мен құпия сырлары талқыланды. «Жетістік дегеніміз не?», « Жетістікке жету үшін адам қандай қасиеттер мен дағдыларды өз бойына сіңіру керек деп ойлайсыңдар?» деген сұрақтарға жауап алынды. Жетістікке жеткен ұлы тұлғалар өмірінен бейнероликтер білім алушылардың назарларына ұсынылды. Сонымен қатар, топ студенттері білім ордасында өздерінің жеткен жетістіктеріне шолу жасап, жаркын болашаққа деген арман мақсаттарымен бөлісті.
М-31 тобынын топ жетекшісі
Сандыбаева А.Б.