басты мақсаты жас ұрпақты еңбекке шақыру, барлық мамандық иелерін бағалап, олардың қадірін ұғындыру.
13 қыркүйек күні Ак-31 тобында «Еңбек түбі-береке!» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара барысында студенттердің еңбекке деген көзқарасын бақылап, сұранысқа ие мамандықтардан қаншалықты хабардар екенін байқадық. Топ студенттері үшін кураторық сағат тақырыбы қызықты болды, олар жалпы еңбектің адам өміріндегі маңызы жайлы ойларын ортаға салды. Сондай-ақ сұранысқа ие мамандықтарға тоқталып, өздері оқып жатқан мұғалім мамандығының да сан қырына шолу жасады, постер қорғады. Сабақ соңында барлық мамандық иелерінің маңызды екеніне тоқталып, оларға құрметпен қарау керектігі айтылды.
Студенттермен Еңбек күніне орай өткізілген іс-шара өз мақсатына жетті деген ойдамын. Болашақ мамандардың бойынан өзге де мамандық иелеріне деген сыйластық, құрмет сезімін көргім келеді.
Демесинова Ж.Б.
Ак-31 топ жетекшісі