2023 жылдың 30 қыркүйегінде «Золотой фазан» қонақ үйінде жыл сайынғы белсенділер жиналысы өтті. Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы мен «Социум и Я» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өткен жоба техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру студенттер ұйымдарын жүзеге асыру үшін көптен бергі алаңы болып келіп жатыр. Колледждің Жастар ісі жөніндегі комитеті мен студенттік парламентінің өкілдерінен құралған команда құрамында 4 курс студенті Карина Молчанова, 2 және 3 курс студенттері: Исмагулова Гульназ, Сералы Раяна, Осетрова Екатерина, Алексеенко Виктория, Горбан Анастасия, Найзагаринева Карина.
Іс-шара ұйымдастырушылары колледждің өзін-өзі басқару органдарының өкілдеріне келесі жұмыс бағыттары бойынша мастер-класстарын өткізді: жалпы өзін-өзі басқару, бос уақытты ұйымдастыру, еріктілік қызмет және экология, медиа индустрия, дебат қозғалысы, оқушылардың психикалық денсаулығын қолдау. Бағдарламаның екінші жартысында әртүрлі колледждердің студенттерінен құралған «X-Y» аралас командалары арасында интеллектуалды ойын өтті, оған қатысып студенттер уақытша командаларын біріктірді. «Школа лидеров» іс-шарасы Н.Е.Әбдібеков, А.Х.Дүйсеков, Р.Ж.Мурзағалиев, Б.Б.Сегізбаевтармен атты спикерлер мен студенттердің кездесуімен аяқталды, олар уәждемелік сөз сөйлеп, жастар саясатын дамыту саласындағы жетістіктері мен тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шараның басты мақсаты – өңірдегі колледж белсенділер арасындағы байланысты дамыту, жұмыс тәжірибесімен алмасу, студенттік парламент мүшелері арасында достық қарым-қатынас орнату және болашаққа жоспарлар мен жобаларды әзірлеу. Ұйымдастырушылардың бірі Локаченко И.В «Школа лидеров – 2023» іс-шарасын осы сөздермен қорытындылап кеткен, : «Біз, Қостанай облысының жастары, колледждердің өзін-өзі басқаруды дамытуда біртұтас механизм ретінде жұмыс істеуіміз қажет. Біздің өңірдің студенттері республикадағы үздіктердің қатарында: біз волонтерлік, пікірсайыс қозғалысын дамытып, мәдени және спорттық іс-шараларды насихаттаймыз». Іс-шараға қатысушыларға сертификаттар табыс етілді, сонымен қатар, олар жастар саясаты саласындағы тәжірибесі мол мамандармен танысып, міндетті түрде өздерінің студенттік парламент жұмыс тәжірибелеріне енгізеді.
Косолапов А.Р., колледж лаборанты
Молчанова К.Н., Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы