Бұл - керемет нәтижелерге әкелетін үлкен рухани-адамгершілік жұмыс. Бұл жағдай кез келген шығармашылық адамға, әсіресе, мұғалімдерге мәлім. Мұғалімнің шабыты- оның өз ісіне және шәкірттеріне деген сүйіспеншілігінің жемісі.
Шабыттанған мұғалім, барлығын ортақ таным үдерісіне тарта отырып, ешбір баланы бейжай қалдырмайды, Музыканы тудыратын дыбыстардың энергетикалық күшімен дирижер оркестрді басқаратыны сияқты, тәрбиешінің де сыныпта көрінбейтін, бірақ сезілетін күші бар. Бірақ бұл- бағыну күші емес, махаббат, өзара түсіністік және ынтымақтастық патшалығы.
Құрметті әріптестер, сіздерге барлық сабақтарыңызда жарқын, биік ойлар мен Әсемдік және Жақсылық туралы таза ойлар туғызатын шабытты сәттеріңіздің мол болуын тілеймін!
Г.У.Уразамбетова,
Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің директоры,
педагогика ғылымдарының кандидаты,
Қазақстан Республикасы Білім берусаласының құрметті қызметкері