Курстық дайындық кезінде қолданыстағы заңнамаға негізделе отырып, модуль бойынша жұмыс оқу бағдарламасын әзірлеуде педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша өзекті мәселелер қаралды; сабақ жоспарын әзірлеу, сондай-ақ сыни ойлау элементтерін қолдану және сабақтарға коучинг енгізу.
Жаттықтырушы Марал Меңдібайқызы Бокаеваның жоғары кәсібилігі мен сауатты тәсілі оқытуда педагогикалық технологияларды қолдану, мамандық бойынша оқыту дағдыларын жетілдіру дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Курстардың практикалық бөлігі «Қостанай қаласы білім бөлімінің М.Қозыбаев атындағы № 23 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында өтті. Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы бейін бойынша білімі мен түйінді дағдыларын жетілдіруге бағытталған, оқу және тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша құжаттар зерделенді, жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасы бойынша құжаттамаларға салыстырмалы талдау жүргізілді және колледждегі жаңартылатын құзыреттерге сәйкес бастауыш сынып мұғалімдерінің лауазымдық нұсқаулықтарын зерделеді.
Айта кету керек, курстардан өту кезінде көптеген қызықты әдістемелік материалдар ұсынылды.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтарының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырғаны және өткізгені үшін «Талап» КЕАҚ мен жаттықтырушы М.М. Боқаеваға алғысымды білдіремін. Табыс және одан әрі өркендеу тілеймін!
Арнайы пәндер оқытушысы М.С. Қазкенова