1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді. Қазақстан халқы өзінің ұлтына, сеніміне, жақсы мен дүниетанымына білім деңгейіне қарамай, еліміздің гүлденуіне бағытталған әлеуметтік – экономикалық, саяси – қоғамдық өміріне белсене араласып келеді.
Бұл сайысқа топтың 1 курс студенттері қатысты: РКК-11, МУЗ-11, В-11а, В-11б, ИК-11, АК-11, МКБ-12, Т-11 жалпы 56 студент тіркелді.
Байқау ережесіне сәйкес, ең аз уақыт жұмсаған және жоғары ұпай алған қатысушы жеңімпаз болып танылады. Шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орынға ие болды -Кулманова Альбина, Сағын Аружан АК-11
2 орынға ие болды- Амирғали Айганым АК-11, Алдамурат Мерей, Жалғасбек Гүлназ МКБ-12
3 орынға ие болды Байман Тамирлан АК-11, Шулгауова Балзия, Сарсенбаева Лэйла МКБ-12
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлығы, ерекшеліксіз, ең жақсы нәтиже көрсетуге тырысты. Барлық сайысқа қатысушыларға сәттілік, жаңа жетістіктер мен жаңа жеңістер тілеймін.
Ахметов Ж.М. жалпы білім беру пәңдердің оқытушысы