Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сейсенбі, 24 қазан 2023 10:16

Пәндер апталығы – оқуға ынталандыру құралы

Қостанай жоғары педагогикалық колледжіндегі оқу-әдістемелік апталықтар қызықты педагогикалық идеяларды жүзеге асыруға және студенттермен де, оқытушылармен де жұмыстың әртүрлі формаларын қолдануға мүмкіндік беретін шығармашылық үдеріс болып табылады. 2023 жылдың 16-20 қазаны аралығында «Мәңгілік таным-шексіз білім» ұранымен жаратылыстану-гуманитарлық пәндер  кафедрасының апталығы өткізілді. Апталық студенттер бойында қазақстандық патриотизм, көшбасшылық, еркіндік шығармашылық қабілеттерін  және білімдерін арттыруға ықпал етті.

Кафедра педагогтары Брахметова А.А., Демесинова Ж.Б., Ахметов Ж.М., Кусеубаев А.Б. «Өз денеңді біл», «Материктерге саяхат», «Міндет. Құрмет. ерлік» (Калашников автоматын бөлшектеу және құрастыру), Қазақстан Республикасының күніне арналған «Қазақстан – менің Отаным» атты викторина өткізді.

Тарих пәнінің мұғалімдері М.Н.Сатыбалды функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда өзінің инновациялық тәжірибесін сабақ барысында көрсетті, Ж.М.Ахметов болса  «Музей өлкенің мұрасы мен мәдени мұрасын сақтау кеңістігі ретінде» экскурсия-сабақ жүргізді.

Биология пәнінің мұғалімі Брахметова А.А. Бірыңғай білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Денсаулықты сақтау оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігінің шарты ретінде» педагогикалық студиясын ұйымдастырды, онда мұғалім сабақ барысында денсаулықты сақтау жаттығуларын қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Аптаның басты оқиғасы Новосибирск Славян академиясының профессоры, мәдениет ғылымдарының кандидаты, 400-ге жуық ғылыми еңбектің авторы, ғалым, педагог және қоғам қайраткері Ю.Я.Бондаренкомен кездесу болды.  Кездесу тарих пәнінің мұғалімі О.А.Рихтердің ұйымдастыруымен «Философия және өмір- мәңгілік тақырып» деген атаумен өтті.

Сонымен қатар география пәнінің мұғалімі Демесинова Ж.Б. Қостанай қаласы мен Қостанай облысының мектеп оқушыларына және колледж студенттеріне «Білім жарысы» интеллектуалдық марафоны аясында қашықтықтан бәсекелесудің бірегей мүмкіндігін ұсынды.  

Апталық барысында «Оқу колледжі» жобасы аясында «Өз болашағыңды жаса – оқы!» виртуалды кітапханасы ашылды, сонымен қатар «Үй жануарлары өмірді жақсартады!» атты фоточелендж өткізілді.

Апта шығармашылық пен ынтымақтастық үндестігінде өтті!

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео